8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2023 3271 0
Білім

Қазақстанның 2 мың мектебі Илон Масктың Starlink интернетіне қосылады


Келесі жылы Қазақстанда Илон Масктың Starlink интернетіне рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Біз қазір Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазір осы жоба арқылы 10 ауылдық мектепті қосамыз, жарты жылда 2 мың мектепті қосуды жоспарлап отырмыз. Яғни интернеті өте әлсіз, білім беру жүйесін жаңғыртуға жарамайтын секундына 4 мегабит мектептерді таңдаймыз. Заңнамалық шектеулер шынымен де бар және бұл шектеулер тек Қазақстанда ғана емес, қазір барлық елдер байланыс саласын реттейтін заңнаманы қайта қарауда. Starlink жаңа байланыс технологиясы болғандықтан, үш жыл олар байланыс қызметтерін ұсыну үшін жергілікті жерде жабдық орнатып, байланыс желілерімен реттелуі керек еді. Қазір олар тиімділікті арттыру жолдарын іздеп, ғарышта ең жақсы жерсерік байланысын жасады және соған сәйкес қызмет көрсете алатын елдер аумағында жабдық орнату қажеттілігі болмай қалды», – деді Бағдат Мусин.

Министр осы өзгерістерді енгізу үшін пилотты жобаны жүзеге асырып жатқанын, оның шеңберінде заңнамаға енгізілуі тиіс нормалар әзірленетінін жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Starlink технологиясын қолдануға заң жүзінде рұқсат берілмеген.

«Біз келесі жылы осы жағдайды реттеуді жоспарлап отырмыз. Бірінші немесе екінші жартыжылдықта деп нақты айта алмаймын, өйткені бәрі Парламент Мәжілісіне байланысты. Егер Мәжіліс қолдаса, қабылданады», – деді Б. Мусин.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»