8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1224 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУЫНА ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛДІ

 Қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес баспананы кезекке қою күні бойынша бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрдің ақпаратынша, биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетіледі.

22,5 мың (1,3 миллион шаршы метр) әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдетілген қарыз беріледі.

https://sputnik.kz/society/20210223/16361551/Qazaqstandyqtar-memlekettik-turgyn-ui-bagdarlamasy.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»