8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1171 0
Қоғам

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

 Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы банктің» өкілеттіктері күшейтіледі.

«Бұл механизмде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасасатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады», – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 АЕК (Нұр-Сұлтан қаласы үшін – 31 АЕК) мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов азаматтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын мәлімдеген еді.

https://sputnik.kz/society/20210223/16361709/Qazaqstan-turgyn-ui-qurylysynyn-biryngay-operatory.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»