02 Тамыз 2019 1918 0
Қалалықтар қаперінеҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІК АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Мемлекеттік қызметкерлерге 2 жылға дейін шетелдік көліктерді сатып алуға тыйым салынды. Шенеуніктер енді небір мерседес, тойота, лексус сияқты әлемдік брендтердің өнімдерін астына басып отырмайды. Керісінше, Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді мінеді.
Енді шенеуніктер шетелдік көліктерді сатып алмайды. 2 жылға салынған тыйым мемлекеттік қызметкерлерді елімізде құрастырылатын автоларды алуға міндеттеп отыр. Аманияз Ержанов бұл бастаманың берер пайдасы мол екеніне сенімді. «Екі жыл деген жақсы уақыт қой. Былай айтса қараңыз, автокөліктер, трасформаторлар және кабельдік продукция бізге кіргізілмейтін болады. мемлекеттік сатып алу жұмыстарында тек қана отандық өнімді сатып алу керек болады. Біздей дейтін енді өзіміздің қазақстандық автокөлік жоқ. Расымен айтқанда біз оны тек жинаймыз. Өзімізде өндіріс жоқ. Сол өзімізде жиналған киясы бар, сан йонгы бар, равоны бар. Соларды сатып алады», – деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов. Иә, отандық өнім дегенде жарнамасы жер жаратын бұл автолар бізде тек құрастырылады. Сондықтан 100 пайыз Қазақстандық тауар емес. «Мемлекеттік органдардың барлығы дерлік қазақстандық көліктермен жүрсін!» деген ұран осыған дейін біраз жыл бұрын көтерілген еді. Бірақ, уақыт өткен соң ол бастама жайына қалып, бәрі қайта шетелдің техникасын сатып алған еді. «Бұл ең біріншіден ұлттық теңгеміздің өтімділігін арттырады. Қазір жүргізілетін операциялардың барлығы біздің ұлттық теңгеде болғандықтан, осы уақытқа дейін теңгені басқа елдің валютасына айналдырып оны Германия басқа да елдерге шығарып отырмыз. Ол біздің ұлттық теңгеміздің құлдырауына әкеліп жатқан жағдай. Сондықтан бірінші кезекте бұл Ұлттық қордан берілетін және мемлекеттің отандық кәсіпорындарды дамытуға беріліп жатқан бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауына алып келеді», – деді экономист Бауыржан Искаков. Осыдан екі ай бұрын депутат Азат Перуашев Мәжілістің кезекті отырысында шенеуніктерге қырғидай тиіп, сөзбен сыбап алып еді. «Халықтың жайын күйттегеннің орнына тайраңдап жүретіндер көп» деген болатын. «Бюджеттің қаражатына өзінің жеке ақшасы сияқты шашатын шенеуніктер бар. Үлкен-үлкен пәтерлерден бастап, небір қымбат автокөліктерге тапсырыс береді. Одан қалды бағалы материалдан жасалған жиһаз алдырады. Олай шалқып өмір сүргілерің келсе бизнеске кетіңдер. Сонда барып ақ адалынан ақша табыңдар. Мемлекеттік қызметкер әрбір тиынды есептеп, ақылмен жұмсауы тиіс», – деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев. Жыл өткен сайын азаматтық қоғам қалыптасып, қараша халық билікке ойын ашық білдіре бастауы да мұндай қадамға баруға итермелемей қоймайды. Саясаттанушы Қазыбек Майгельдиновтың пікірінше, қазір ашық ақпарат заманында қай шенеуніктің не киіп, не мініп, қайда отырғанын жалпақ жұрт көріп-біліп отыр. «Халық пен билік арасында тетіктің жақындай түскенін байқап отырмыз. Бұған дейін көптеген түсініспеушіліктер халықтың ызасын тудырғаны белгілі. Бұл шенеуніктердің кабинетінін шыға алмауында болған. Ал қазіргі таңда бұл әлеуметтік лифт дейміз, бастамасы бар. Алдағы күндері бұл трендке не белгілі бір уақыттағы хайпқа айналмай, негізі жұмыс тетігі ретінде қолданғанын күтеміз», – деді саясаттанушы Қазыбек Майгельдинов. Жалпы, мұндай бастаманы осындан ертерек қолға алып, бекітіп алғанда бұл күнде көрші өзбектер құсап, ішкі нарықты толық қамтып, экспортқа көлік шығаратын деңгейге жетер ме едік?! Мамандар «әйтеуір ештен кеш жақсы» дейді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
01 Тамыз 2026
40 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
01 Тамыз 2026
43 0
Құрылтай-2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
01 Тамыз 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
31 Шілде 2026
111 0
Құрылтай-2026
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
31 Шілде 2026
102 0
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
31 Шілде 2026
86 0
Без рубрики
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
30 Шілде 2026
114 0
Без рубрики
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
30 Шілде 2026
120 0
Құрылтай-2026
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
30 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
30 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
30 Шілде 2026
141 0
Құрылтай-2026
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
29 Шілде 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
29 Шілде 2026
146 0
Заң және тәртіп
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
29 Шілде 2026
156 0
Құрылтай-2026
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
28 Шілде 2026
192 0
Экономика
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
28 Шілде 2026
180 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
28 Шілде 2026
269 0

Кіру
Пікір үстеу