8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 1546 0
Дені сау ұлт

ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ АЗАМАТТАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Коронавирус жұқтырды деген екі азамат та Алматы қаласында болған. Олар Германиядан келген. Біреуі – ер, екіншісі – әйел адам. Қазір науқастар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеген.

«Сол үшақпен келген азаматтар анықталып, карантинге жатқызылатын болады. Азаматтардың тізімі бізде бар. Олар келгеннен бері біздің бақылауда. Біздің алгоритм бойынша 24 сағатта осы азаматтар анықталып, карантиндік стационарға жеткізілуі қажет. Бір ұшақтың 12 азаматы қазір карантинде. Ары қарай бұл жұмыстар жалғасады. Барлық шаралар бұрын бекітілген алгорим бойынша жасалуда», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бірінші науқас 9 наурызда келген.

«9 наурызда келген нуқаспен бір ұшақта 73 азамат келген. Олардың тізімі бойынша жұмыс жасаудамыз. Қазіргі мақсатымыз – барлық азаматты тауып, карантинге жатқызу. Ары қарай диагностикалық шаралар жүргізу», – деді ол.

Екінші науқас кеше, 12 наурызда келген.

«Қауіпті індет жұқтырғандарды емдеуге кірістік. Олардың жағдайы қалыпты», – деді министр.

Е.Біртановтың айтуынша, орталық залалсыздандыру құралдарымен толық жабдықталған. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Сондықтан министр елді дүрлікпеуге шақырды.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»