8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2022 2035 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР ШЕТЕЛДІК ТАУАРЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Шетелден шыққан автокөліктер мен басқа да кейбір тауарларды мемлекеттік сатып алуға екі жылға тыйым салынуда.

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 2 ақпандағы «Ұлттық режимнен босатуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.

Шетелде шығарылған бірқатар өнеркәсіптік және машина жасау тауарларын мемлекеттік сатып алуға екі жылға тыйым салынуда.

Ұлттық режимнен алып тастауға жататын шет мемлекеттерден шығарылған тауарлардың тізбесіне мыналар кіреді:

  • автобустар, жеңіл және жүк көліктері;
  • арнайы техника, комбайндар, тракторлар, жүк көлігі тракторлары;
  • лифттер, траволаторлар, эскалаторлар және жылжымалы жолдар;
  • газды, сұйықтықты немесе электр энергиясын беруге немесе өндіруге арналған есептегіштер, оның ішінде калибрлеуші: айнымалы ток, көп фазалы, бір фазалы электр есептегіштері; газ есептегіштері.
  • интеграцияланған, цифрлық релелік қорғанысы және цифрлық басқаруы бар толық трансформаторлық қосалқы станциялар.

Бұл ретте ұлттық режимнен алып тастауға жататын шетелдік тауарлар тізбесінен шұлық, киізден жасалған аяқ киім, сондай-ақ ағаш және металл кеңсе жиһаздары алынып тасталды.

Түзетулер 2022 жылдың 15 ақпанында күшіне енеді.

https://kaz.zakon.kz/6002485-kazakstanda-birkatar-sheteldik-tauarlardy-memlekettik-satyp-aluga-tyiym-salyndy.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»