8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2022 4654 0
Жалын

Қазақстан мен Тәжікстан ғарыштық байланыс қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қойды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «Исател» ЖШҚ (Тәжікстан) «Kazsat-3» ғарыш аппаратының транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Тәжікстанда қазақстандық жерсеріктік байланыс ресурстары арқылы еліміздің алыста орналасқан елді-мекендері үшін байланыс арналары ұйымдастырылады.
Шартқа «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов пен «Исател» ЖШҚ директоры Умед Тагоев қол қойды.
«Исател» ЖШҚ компаниясы «Телерадиоком» ААҚ еншілес ұйымы және Тәжікстандағы байланыс операторы болып табылады. Оның Душанбе қаласында өзінің телепорты және желілік басқару станциясы бар, елдің мемлекеттік органдары мен жеке компаниялары үшін Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Халықаралық нарыққа шығу – екі байланыс жерсерігінен және жерүсті басқару кешендерінен тұратын, «Kazsat» ғарыш жүйесін сәтті басқаратын Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық байланыс операторы – «РҒБО» АҚ маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанның жерсеріктік байланыс жүйесі еліміздің байланыс қызметтері қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қырғыз Республикасына да ғарыштық байланыс өнімдерін жеткізеді.
Цифрлық индустрия қызметтерінің экспортын ұлғайту – бұл міндетті ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет экономикасын дамытудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде атап өтті.
Ғарыштық байланыс саласындағы жаңа халықаралық шартқа қол қою «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымының кәсіби жұмысының нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа даму келешегін ашады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»