8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 1727 0
Дені сау ұлт

ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АСА ҚАУІПТІ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ӘЛЕУЕТІ БАР

 60 жылдан астам тарихы бар ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында үлкен жұмыс тәжірибесін жинақталған. Институт ғалымдары 60-тан астам препараттарды, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеген.

Соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша отандық вакциналарды дайындау технологияларын дайындаған.

Қазақстан денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинаны әзірлеген және ДДСҰ зертханасында клиникалық сынақтан өткізген 7-ші мемлекет болды.

Институт ғалымдары денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді шошқа тұмауыны қарсы вакцинаны әзірлеген алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Құс тұмауына қарсы вакцинаның арқасында еліміздің ауыл шаруашылық саласы 2006 жылы құстың 95%-ын сақтап қалды.

2019 жылы бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина әзірленді. Ол қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері бойынша бруцеллезге қарсы өзге вакциналардан едәуір артық болып саналады.

2020 жылы БҚПҒЗИ ғалымдары 2,5 ай ішінде түйе шешегіне қарсы вакцина әзірледі.

2020 жылдың мамыр айында институт коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazCovid-in вакцинасын әзірледі. Қазір вакцина клиникалық сынақтардың соңғы III кезеңінен өтіп жатыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»