8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2020 1174 0
Қоғам

Қазақ сахнасында алғаш рет – Жұбан бейнесі

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымы қазақтың рухты ақыны, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтің құрметіне «Жұбан» қойылымын ұсынды.

Саналы ғұмырын қазақ халқының жоғын жоқтап, ұлтының ұлылығын ұлықтауға арнаған ақынның мерейтойына орайластырылған қойылым карантиндік шектеулерге байланысты жабық көрсетілім форматында өтсе, өзге көрермендер «AQJAIYQ» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалады.

Бұл – Жұбан Молдағалиев жайлы қазақ театры сахнасында, жалпы республикада алғашқы қойылым. Ақын туралы бұрын-соңды еш театрда қойылым қойылмаған, бейнесін бірде-бір актер сомдамады. Поэтикалық драма жанрында жарыққа шыққан туынды ақын мен драматург шығармашылығының үндесуінен туған. Қойылымның авторлары – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева және жазушы, драматург Мәдина Омарова. Қойылымның қоюшы әрі киім суретшісі – Еуразиялық Дизайнерлер одағының, Еуразиялық Гильдия шығармашылығының мүшесі, ҚР суретшілер одағының мүшесі және Кипр заманауи өнер мұражайының «Күміс кілт» иегері Гүлдана Жұрқабаева. Ал қоюшы режиссері және спектакльдің сахналық қозғалысын қойған – театрымыздың бас режиссері Гауһар Адай.

1986, ызғарлы қыс. Елдің ертеңі үшін ереуілдеткен жастардың әрекетін азғырушылар алдында Ақын. Таптаурын  тақырып, жаттанды сөзден ауытқып, тұтас ұлттың тарихын қызғыштай қорыған рухты Ақын. Қойылым Жұбанның Колбин алдында шыңғыртып тұрып шындық айтатын, туған халқы үшін ұлттық державаға қасқайып қарсы шығатын жиналыс сәтінен бастау алады. Ақын бойына дарыған батырлықтың бастауы, өзгелерден оқ бойы озық тұруының сыры, асқақ рухының түпнегізі балалық және бозбала шағымен, ересек өмірмен астасып сипатталады. Ақынның балалық бейнесін театрдың көркемдік жетекшісі Жасқайрат Валиуллиев, бозбала кейпін Құралбек Қатшаев сомдаса, тұлғалық қалыптасқан кезеңін тәжірибелі актер, мәдениет саласының үздігі Теміржан Матаев сәтті алып шықты.

Қойылым соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев театр ұжымына ықылас гүлін табыстап, «Қойылым маған өте қатты әсер етті. Ең қуантатыны – жауапты жұмыстың басы-қасында жастардың жүруі. Ерекше еңбектері үшін жастарға рақмет!» –  деп ризашылығын білдірді.

– Бүгін – тарихи күн, өнер тойы. Ұлы тұлғаларының мерейін асырып, жарғақ құлағы жастыққа тимей бізді қарсы алып жатқан елге ризамыз. Ал бүгінгі қойылымнан басқаша трактовканы көрдім, режиссурада жаңалық байқалады. Өмірден өнер жасап, халыққа ой тастарлық туынды тарту еткен театр ұжымы жас болса да, әлі талай биікті бағындырады деп сенемін. Даланың өмірі, баланың өмірі, Жұбанның жастығы мен трибунадан сөйлер сәті әдемі өрілген, жып-жинақы, – деген қойылымның құрметті қонағы КСРО және Қазақ КСР халық артисі, Қазақ КСР және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов алдағы уақытта театрға есімі берілген актриса Хадиша Бөкееваға кеудетұғыр (бюст) орнату туралы ұсынысын білдірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева ғасырлық тойында Жұбан бейнесін жалпы жұртшылықпен табыстыру туралы арманы болғанын айтып өтті. «Аштықта туып, қуғын-сүргін кезеңін, 1941 жылдың соғысы мен тың игеру жылдарын көрген тұлға туралы қойылым – бір ғана Жұбанның ғұмыры емес, тұтас қазақтың тарихы. Жазушылар одағының залында өткен жиындағы ерлігін өз көзіммен көргем. Жүз жазушының арасында жалғыз шығып шындықты айтты. Біздің тілек – келер ұрпақ тарихын, әсіресе, ерлікті ұмытпасын», – деп тебіренген ақын «Ерлікті көзбен көрген күн» өлеңін оқып берді.

Жұбан ақынның жан жары София Молдағалиева театр ұжымына ақ батасын беріп, Жұбанның анасы Зеріптің рөліндегі актриса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Исалиева мен өз бейнесін сомдаған актриса, «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жанаргүл Құрманғалиеваға ерекше ризашылығын білдірді.

Премьераны сондай-ақ қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің зайыбы Салтанат Мырзалиева, ақын, журналист, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Нұр-Сұлтан қаласының музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемиров, композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Донеділ Қажымов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану кандидаты, театр сыншысы, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің Қазақстандағы жетекшісі Анар Еркебай, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану факультетінің деканы, театр сыншысы, өнертану кандидаты, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Меруерт Жақсылықова секілді құрметті қонақтар, Жұбан ақынның ұрпақтары тамашалады.

 

Аяужан КЕРЕЕВА,

Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры

ақпарат бөлімінің жетекшісі

 

Суреттерді түсірген Наурыз ХАЛИТ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
24 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
75 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
91 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
96 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
183 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
178 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
185 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
268 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
525 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
716 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
847 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
857 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
932 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1335 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1353 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1429 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1517 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1723 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1722 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»