8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2019 2706 0
Қоғам

ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

         Қала күні мерекесі аясында шаһар тұрғындары апта бойы қызықты шаралардың куәсі болады. Соның бірі – екінші қыркүйек күні Гагарин атындағы балалар кинотеатрында  Қазақстан киносы апталығының ашылуы.

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастырған отандық киноматографияны насихаттау мақсатындағы апталықты ашқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жиналғандарды Қала күнімен, дәстүрлі Қазақстан кино апталығының ашылуымен құттықтап, баршаны шаһардың туған күні шеңберінде өтетін жоспарлы шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ халықтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын рухы биік, мазмұны терең, оқиғасы тартымды әрі көрермен назарына ұсынылатын сапалы отандық кино туындылардың маңызына тоқталды.

Ал  Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Сафин төл тарихымыздан сыр шертер кино туындыларды уақытты текке сарп ететін ешқандай смартфон, ғаламтор алмастыра алмайтынын тілге тиек етіп, ата-бабамыздың, жерлестеріміздің тарихын тек кинофильмнен ғана түйсініп көруге болатынын жеткізді.

Айта кету керек, бір апта бойы қалалықтар аталмыш кинотеатрдан киноматографияның үздік туындыларын яғни «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Саташ» фильмдері мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай  «Абай. Мизам шуағы» көркем туындыларын тегін тамашалай алады. 7 қыркүйек –  қазақ батырлары Исатай-Махамбет ескерткіші қала мен Зачаган кенті аралығындағы Шаған өзенінен өтетін көпірдің алдынан ашылады. Сондықтан кино апталықтың да «Махамбет» тарихи-драмалық фильмінің көрсетілімімен басталуы тегін емес.

Фильм режиссері – Сламбек Тәуекел. «Махамбет» фильмі нақты тарихи кезеңге негізделген сондай аз санатқа келіп қосылып жатқан тың дүние. Бөкей ханның ұлы Жәңгір-Керей хан 1824 жылдың жазында хан тағына отырады. Бұл биліктегілер мен қарапайым қара халық арасындағы шиеленіс түтінінің бықси түсіп, қолқаны әділетсіздік пен алауыздықтың «қолаңсасы» қарыған қым-қиғаш кезеңнің басталар шағы болатын. Осы таққа отырғызу рәсімінен өрбитін фильм одан әрмен қарай озбырлық пен отаршылықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеумен жалғасады. Көркем туынды саяси, әлеуметтік мәселелер шекпенінде қалып қоймайды,  Махамбет батырдың Айғаным сұлумен арадағы ғашықтық сезімдері шынайы шығады. Ата-салт, ежелгі дәстүр нақыштары нанымды бояумен бейнеленеді.

Тарихи драма 2008 жылы 21 қарашада шыққан. Фильмнің бас продюсері – Мәдина Сүлейменова. Махамбет рөлін сомдаған – Берік Айтжанов, Исатайды бейнелеген – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, Баймағамбет Айшуақов рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Әбділманов, Түрген батырдың рөлінде ойнаған – Арман Әселов.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
114 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
450 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
543 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
785 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1053 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1280 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1319 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1469 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1667 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1895 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1982 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2093 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2098 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2134 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2132 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2238 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»