8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2021 2450 0
Спорт

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНЕДІ

 Қазақтың ұлттық өнері – қазақ күресін дамытуға айрықша назар аударылып, мектеп бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерде апробациядан өткізу басталған. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге 2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ күресін дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленген. Ұлттық спорт өнерін өңірде дамыту мәселесі республикалық жауынгерлік өнер ассоциациясының өкілдерімен болған кездесуде талқыланды.

Өткен жылы бүкіләлемдік, халықаралық, республикалық федерацияларды біріктірумен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды. Бұл – федерацияларды бірыңғай орталықтандырылған басқару ұйымына айналдыру мақсатында біріктірілген. Осы ұйым өңірлерде, еліміздің әр түкпірінде ұлттық спортымызды дамытуға, республикалық, халықаралық аренада ұлттық өнерімізді танытуға жұмыстанатын болады.

– «Qazaq kuresi» академиясының негізгі мақсаты – ғылыми-практикалық базаны күшейту, оқу бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Қазір ғылыми топтар құрылып, осы бағытта жұмыстар жасауда. Ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі көтерілген заңнама шықты. Қандай тәртіпте болатыны жөнінде  жұмыстар жасалады. Әзірге академия тарапынан Нұр-Сұлтан қаласындағы 23 мектепте вариативтік негізде апробациялық жұмыстарды бастадық. Екіншіден, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге бір жылдық іс-шара жоспары бекітілді. Ендігі мәселе – облыстардағы федерациялардың жұмысын біріздендіру, ассоциацияның стартегиясына орай жұмыстандыру, өңірлерде қазақ күресі клубтарын ашу, – деп түсіндірді Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры, Қазақ күресі бойынша phD докторы Ербол Мырзабосынов. Әсіресе клуб, үйірмелердің ауылдық елдімекендерде жұмыс жасап, оларға кілем алынып, спортшы палуандардың беренмен қамтамасыз етілуі маңызды.

Иә, аталған спорт түрін өз ағымында дамытуға көңіл бөлінуі қажет-ақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров атап өткендей, қазақ күресінің арнаулы киімінен бастап күрестің ережесін ортақ негізде біріздендіріп бекіту керек. Бұған дейін қазақ күресіне палуандар қысқа кеудеше, шолақ шалбармен шыққан болса, жарты жыл өткен соң, 10 см-ге ұзын үлгіге өзгертіліп, қайтадан әр өңір жаңа киім алуға мәжбүр болған. Сондай-ақ самбода киілетін аяқ киіммен кілемге шығып жүрген болса, енді жаңа талап бойынша жалаң аяқ шығуы керек. Осы сынды бір ізге түспеген киім үлгісі спортшыларға да, күреске келіп жүрген балалардың ата-аналарына да қолайсыздық тудырғаны жасырын емес.

–  Киімі – қызыл және көк түсті. Бұл самбодан келген киім, аяқ киімі де сол самбодан келді. Сондықтан өзіндік үлгі қалыптастыру маңызды. Ал «берен» деген атауы үйлесімді. Одан бөлек ережесі өзгерді. Менің ұсынысым – қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде дайындалған ереже керек. Мектептерде күрес сабақтарын жүргізу үшін ең бастысы ереже болуы тиіс. Әрі ол ереженің үлкенімен қатар қалтаға салуға ыңғайлы шағын брашуралық кітапша түрінде дайындалғаны жөн. Шетелдік спортшы-жаттықтырушылар ереже кітапшасын үнемі жандарында ұстап жүреді. Біздің де жаттықтырушылар даулы жағдайларда қалтадан ережені шығарып, дәлелді түрде көрсете алатындай болуы керек, – деген Қаймен Есенаманұлы киім үлгісі мен ережені бекітіп, аудандарға жіберу қажет екенін айтты.

ҚР жауынгерлік өнер қауымдастығы және Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаевтың айтуынша, қазақ күресін стратегиялық тұрғыда ілгерілету және танымал ету үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асатын «Qazaq kuresi» арнайы жобасы әзірленген. Қауымдастық чемпиондарды даярлауға, қазақ күресінен палуандарды танытуға айрықша көңіл бөлмек. Осы орайда жаттықтырушылармен жұмыс – назарда болады. Сол себепті қолданыстағы заңнамаға «жаттықтырушылық қызметті лицензиялау туралы» өзгеріс енгізуге жоба дайындалуда. Өйткені елімізде  жаттықтырушылық қызметке байланысты  түсініксіз жайттар бар. Мәселен, түзету мекемесінен бостандыққа шыққан азаматтың секциялар ашып, жеткіншектермен жұмыс жасауына еш кедергі  жоқ. Сондықтан алдағы уақытта, жаттықтырушыларды оқыту, даярлықтан өткізу, дамыту, жаттығулары қатаң бақылауға алынады.

– Жаттықтырушы педагог болуы тиіс. Тек спорт жағынан ғана емес, шәкірттерін отансүйгіштікке, қоғамға құрметпен қарауға, қайырымдылыққа тәрбиелейтін маман болуы керек.  Спортшылардың басым бөлігі дінге сенімі жоғары жандар боп келетіні белгілі. Болашағы жарқын спортшыларымызды жіберіп алып жатқанымызды да жасырмаймыз. Осы ретте  жас ұландарымыздың дұрыс бағытта ілім алуына ұйтқы болуымыз керек. Спорттық ұйымдарға дін мамандарымен, теологтармен бірлескен жұмысты жандандыру маңызды болып тұр, – деді Абат Саматұлы.

Бұдан бөлек елі ішінде өзіндік бренд қалыптастырып үлгерген «Қазақстан барысы» жобасы арқылы қазақ күресін көтеру қолға алынады.  10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Қазақстан барысы» турнирі бұған дейін ауыр салмақтағы палуандар арасында ғана өткізіліп келген болатын. Дегенмен, антропометрия бойынша тағы жеті салмақ бар. Қазақ күресінен бұқаралық сипаттың сақталмауының басты себебінің  бірі – ауыр салмақтағы палуандар арасындағы күреске басымдық беріліп, жүлденің тек соларға тігілуі. Енді ассоциация әр салмақ бойынша бас палуанды анықтау, қаржыландыру, оларды танымал ету мақсатындағы жұмысты жолға қоймақ. Бұл турнир жыл соңында өткізіледі. Жыл бойы сегіз салмақ бойынша ондыққа кірген палуандар күресіп, әр салмақ дәрежесіндегі бас палуан анықталады.

Айта кетейік, өткен аптада облыс орталығында жауынгерлік өнер ассоциациясының спорт мектебі өз жұмысын бастады. Бірер айдан соң қазақ күресінен клуб ашылады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
80 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
257 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
299 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
577 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
589 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
714 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1017 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1109 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1136 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1347 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1616 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1842 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1882 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2228 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»