Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі
Бұған дейін баршаға мәлім болғандай, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысына арналған алқалы жиын өткен болатын. Басқосу қазақ әдебиетінің бір жылдағы жетістіктерін саралап, қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін бағалауға арналды.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов ашып, еліміздің әр өңірінен келген қаламгерлер қауымына алғыс білдірді. Ол өз сөзінде қазақ әдебиеті – ұлт руханиятының айнасы, халық жанының үні екенін атап өтті. Сонымен қатар өткен жыл әдебиет үшін табысты кезең болғанын, жаңа туындылар мен жарқын есімдердің әдеби кеңістікті толықтырғанын айтып, қаламгерлерге шығармашылық табыс пен шабыт тіледі.
Жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының 2025 жылы жүзеге асырған жұмыстары туралы бейнематериал ұсынылып, онда әдеби бастамалар, мәдени жобалар мен шығармашылық кездесулердің нәтижелері көрсетілді.
Әдеби басқосуда көптеген қаламгерге марапаттар табысталды. Соның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының директоры Бауыржан Халиоллаға берілді. Ал биыл алғаш рет тағайындалған «Ер Төстік» әдеби сыйлығы «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллинге табысталды. Сондай-ақ жиында бірқатар қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысынан күйші, Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулеткерей Құсайынов та бар.
Басқосу барысында әдебиеттің әр жанры бойынша баяндамалар жасалып, қазіргі әдеби үдерістің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Қаламгерлер пікір алмасып, әдебиеттің даму бағыттары туралы ой бөлісті.
Осы жиын туралы жақында Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының төрайымы Дариға Мұштановадан сұрап білген едік.
– Бұл басқосу ақын-жазушылардың қоғамдағы рөлі мен әдебиеттің маңызын айқындай түскен мазмұнды кездесу болды. Еліміздің әр өңірінен келген қаламгерлермен танысып, өзара пікір алмастық. Осындай кездесулер әдеби байланысты нығайтып, өңірлердегі қаламгерлердің шығармашылық әлеуетін танытуға жол ашады. Ал бұл жолғы басқосу батысқазақстандық ақын-жазушылардың да әдебиеттегі деңгейі, орны жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді,- деді Дариға Ғазезқызы.
Әдеби жыл қорытындысы шығармашылық қауым үшін маңызды кездесулердің бірі болды. Бұл басқосу қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін саралап, әдеби үдерістің даму бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Осы орайда өңіріміздің мерейін үстем еткен жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Әдемі Бақытжанқызы,
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру

