АВИАМОДЕЛЬДЕУДЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай авиамодельдеу спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Үш бөлім бойынша ұйымдастырылған сайысқа 80-ге тарта оқушы қатысты.

Модельдердің әрбір класында жеке және командалық біріншілік ойнатылды. Нәтижесінде 400 мм-ге дейін планерлер жарысында І орын Ырысбек Сапарғали (Теректі), ІІ орын Аян Қадырбай (облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы), ІІІ орын Еркебұлан Асқаров (Атырау облысы) иеленді. 400 мм-ден жоғары сайыста І орын Азамат Орынбаев (ОБТШО), ІІ орын Арсен Нугмановқа (Орал НЗМ) бұйырды, ал ІІІ орынға Ерасыл Жомарт (ОБТШО) лайық деп танылды. Резиномоторлы модельдер бойынша І орын Алихан Иденов (Орал НЗМ), ІІ орын Саят Рамазан (Теректі), ІІІ орынды Роман Савичев ОБТШО) өзара бөлісті. Жалпыкомандалық есепте Зияткерлік мектеп командасы жеңімпаз атанса, теректіліктер ІІ орынға тұрақтады, ал үздік үштікті балалар техникалық шығармашылығы орталығы түйіндеді.
– Зияткерлік мектепте авиамодельдеу үйірмесі 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Біз тек құрастырумен ғана емес, ғылыми жобалармен айналысамыз. Мәселен, үйірме қатысушысы Аружан Көптілеу Англиядағы халықаралық жарыстан жүлде алып келді. Қазір Венгрияда осы сала бойынша білім алуда, – дейді Зияткерлік мектептегі үйірме жетекшісі Сергей Кузнецов. Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының директоры Жеңіс Шонбаевтың айтуынша, 2020 жылы авиамодельдеуден республикалық жарыс Оралда өтеді деп жоспарлануда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу