АУЫЗАШАРҒА ҚАНДАЙ ТАҒАМ ӘЗІРЛЕГЕН ДҰРЫС?

Рамазан айы басталғанда толтырып дастарқан жайып, жарысатындар жоқ емес. Бұған көп уақыт кетіп, қаражатыңыз шамадан тыс жұмсалады. Одан гөрі құлшылыққа көбірек көңіл аударған абзал. Ысырап қылмай, адал тамақ әзірлеп сауапқа кенелгеніңіз дұрыс. Ендеше, ауызашарға қандай тамақ даярлау керек?
Исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің докторанты Қуат Қабдолда ауыз ашатын уақытта жеңіл тағам дайындау қажет екенін айтады.
«Әлбетте, ауызашарға ауыр тамақ емес, мүмкіндігінше жеңіл тағам жасаған жөн. Рамазаннан мақсат – кешке дейін аш жүріп, тойып алу емес. Ауызашарды құрмалармен немесе сумен бастаған дұрыс. Үйіңізде барыңызбен, бір түйір құрма болса да ауыз ашыңыз. Рамазанда басқа айға қарағанда азық-түлікке көп қаражат жұмсау міндет емес», -деді ол.
Ауызашарды құрмамен, сумен немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағаммен бастаңыз.
15-20 минут ас қорытуға кетеді, сосын майы аз, отқа піскен ет, бұршақ тұқымдастар, салаттар, айран сияқты тағамдармен жалғастыру керек.
Адам ашыққанда жүйке жүйесі, асқазаны тітіркеніп, өзі әлсіреп, қалжырап тұрады. Сондықтан бас салып қуырылған және ащы тамақ жеуге болмайды.
Себебі аш адамның асқазанында көбірек сөл және қышқыл бөлу сәйкес келмей қалады. Бұл астың нашар қорытылуына әкеп соғады. Егер жүйесіз тамақтансаңыз, әлсізденіп, күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін. Сондай-ақ асқазан ауырып, ас қорытылмай, қан қысымы төмендеу қаупі де бар. Сол үшін шөлдететін, асқазанға салмақ түсіретін ащы, майлы, кофе сияқты тағамнан бас тартыңыз. Қою шайды, тәтті кондитерлік өнімдерді, газдалған сусыннан аулақ болыңыз. Ол қарынды тез ашырып, ағзаны әлсіретіп тастайды. Одан гөрі жеңіл әрі құнарлы тағамдар: талқан, тары, көкөністер, күріштен жасалған, қарақұмық, құрма, сұлы жармасы, морс, каркаде, компот, жасыл көкөніс, кепкен өрік, мейіз, жаңғақ, жалбыз шайы, көк шай, қызанақ, зәйтүн, арпа наны және сүт өнімдерін қолданыңыз.
Тамақтанғаннан соң су ішіп, жатар алдында көп ішпеңіз. Тамақты жаймен, аздап жеңіз. Қарным ашады деп тыңқиып тойған дұрыс емес. Өз уақытында өз мөлшерімен ауызға салған тамақты асықпай жеу адамның өзіне, денсаулығына пайдасы мол. Және сәресіге де уақыт пен орын қалдыруды ұмытпау керек.
https://kaz.nur.kz/1793572-auyzasarga-kandaj-tagam-zirlegen-drys.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу