8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2020 1262 0
Қоғам

АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОЛДАУ БАР

           Алдағы жылға арналған облыс бюджеті 194,4 млрд. теңгеге бекітілді. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 40-шы сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына өңір басшысы Ғали Есқалиев қатысты. Облыстық бюджет бұрынғыдай халықты әлеуметтік қолдауға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, батысқазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, соның ішінде жаңа мектептер, тұрғын үйлер салуға және автомобиль жолдарын қайта құруға бағытталған.

   

 

               2021 жылға арналған БҚО бюджеті республикадан трансферттер есебінен 75,3 миллиард теңгені құрайды.  Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюповтың мәліметінше,  бюджет шығыстары аймақтағы барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, жаңа жылда білім беру саласының дамуын қамтамасыз ету үшін 854,8 млрд. теғге қарастырылып отыр.  Оның ішінде 53,9 млрд.теңге жалпы білім беру процесін ұйымдастыруға жұмсалса, балабақшалардың жұмысына – 111,1 млрд теңге, балалардың қосымша білім алуы мен спорт секцияларына – 5,7 млрд. теңге, колледждерге, университеттерге мамандар даярлауға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға – 8,2 млрд.теңге,  оқулық сатып алуға – 2,9 млрд.теңге бағытталып отыр. Өңірдегі мектептердің құрылысы мен қайта жаңартуға бюджеттен 2,3 млрд.теңге бөлінбек. Осы қаражат есебінен Қазталов ауданы Қазталовка ауылында 600 орындық мектеп пен Оралда 300 орындық №33 мектептің құрылысы аяқталмақ және облыс орталығында 300 орындық №18 мектептің және 900 орындық №53 мектеп құрылысының жобасына сараптама жүргізілмек. Денсаулық сақтау саласының сапалы және үздіксіз жұмысын ұйымдастыруға 2021 жылғы бюджетте 2,2 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде емханалар мен ауруханаларды медициналық жабдықтармен жабдықтауға 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр.  Алдағы жылы Оралдағы Саратов тасжолы бойындағы айналмалы кәріз коллекторын қайта жаңартуды аяқтау үшін 179 миллион теңгеден астам қаражат жоспарланған. Тағы 48,6 миллион теңге Теректі ауданы, Алғабас, Придорожное және Богдановка ауылдарындағы әлеуметтік нысандарға газ құбырын тартуға бағытталмақ. Келесі жылы тұрғын үйді, инженерлік желілерді, газ және сумен жабдықтау желілері құрылысын аяқтауға және бастауға 2,6 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Өңіріміздегі күре жолдарды күтіп ұстау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына қазынадан 1,6 миллиард теңге шығындалады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары 240 млрд. теңгені құраған болатын. Алайда сала маманы облыс бюджеті әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Алдағы жылдан бастап  «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес ауылдық мектептердің мұғалімдеріне коммуналдық қызметтер – электр энергиясы, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау төлемдеріне қолдау көрсетілмек. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған көмекке ие болатын мұғалімдер тізімі оқу жылының басында нақтыланатын болады, әлеуметтік көмек мөлшері 43 АЕК құрайды және жылына бір мәрте төленеді.

Сессия соңында өңір басшысы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосқандары үшін халық қалаулыларына ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
114 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
287 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
326 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
601 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
613 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
739 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1041 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1133 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1161 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1372 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1643 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1867 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1907 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2252 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»