«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
24 шілде күні Орал қаласы аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталді. Бұл іс-шараның мақсаты – жолдардағы апаттылықтың жай-күйіне сипаттама жасап, апаттылықты төмендету. Шара 28 шілдеге дейін жалғасады.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасының бірінші күнінде 157 азаматтың жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде рульге отырып, көлік құралын басқарған 4 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 41 жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 12 жүргізуші, құжатсыз көлік құралын басқарғаны үшін 10 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар, тексеріс барысында жаяу жүргіншілердің арнайы жол өтпелерінен өтулері назарға алынып, қайсыбіріне қатаң ескертулер жасалды. 33 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, олар жуықта айыппұлдарын төлемекші. 57 жаяу жүргінші өзге де жол ережелеріне қатысты заң бұзушылыққа жол бергендіктен жауапкершілікке тартылды. 9 автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. 3 мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шілденің 28-іне дейін жалғасады.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу