АТЫРАУ-ОРАЛ ТАС ЖОЛЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ
БҚО бойынша 2020 жылы 42,3 млрд. теңгеге 436 шақырым жол жөнделді. Биыл облыста 41,5 млрд. теңге қаражатқа 378 шақырым жолды жөндеуді жоспарланған. Бұл мәліметті халықпен онлайн есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.

– Өткен жылы Қазталов ауданы мен Орал қаласын байланыстыратын жол толығымен жөнделіп пайдалануға берілді. Осы жылы Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуді жалғастыруға республикадан 20 млрд. теңге қаражат бөлініп, 129 шақырым жол салынады. Тұрғындар көтеріп жүрген мәселелердің бірі – Орал-Атырау тас жолын реконструкциядан өткізу. Біз үкіметпен кеңесіп, аталған жол жиегін кеңейту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастаймыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 12,7 млрд. теңге қаражат жұмсалып, 192 шақырым жол жөнделді. 2021 жылы осы бағытта 220 шақырым жолды жөндеу жоспарда тұр.
Елді мекендердің жолдарын жөндеу бойынша да айтарлықтай жұмыс атқарылды. Былтыр 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Бұл кейінгі 5 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. 2020 жылы Орал қаласының 46,2 шақырымды құрайтын 41 көшеге асфальт төселді. «Нефтебаза» ауданындағы көпір қайта салынды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу