Қателік кімнен кетті?
Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі «BLS GROUP» ЖШС-мен шарт жасап, бұдан біраз уақыт бұрын бір көзден 2,2 млн. теңгеге спорттық костюм сатып алған. Бірақ өнім берушінің тауарға авторлық құқықтары жоқ,- дейді «Әділдік жолы» кеңсесінің заңгері Бауыржан Ахметжан.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласы филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан goszakup.gov.kz порталына мониторинг жүргізіп, БҚО спорт басқармасы мен Орал қалалық спорт бөлімінің заңбұзушылық жасағанын хабарлады. Оның мәліметі бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Мамыт» ЖК «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 3-тармақшасы бойынша 200 спорттық киім тігуе тапсырыс беріп, оны 7,8 млн теңгеге сатып алу туралы шарт жасасқан. Ал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «BLS GROUP» ЖШС-дан 2,2 млн теңгеге 75 костюм сатып алған. «Әділдік жолының» өкілі өнім берушінің тауарға қатысты айрықша авторлық құқы жоқ, оған gosreestr.kazpatent.kz сайты дәлел деп санайды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң бойынша бренд тауарларды сатуға айрықша құқы жоқ өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілі арқылы шарт жасауға болмайды. Бауыржан Зәкиұлының мәліметінше, мемлекеттік ішкі аудит департаменті аталған мекемелердің заңсыз шарт жасағанын растаған. Қоғам белсендісі енді екі басшыға әкімшілік айыппұл салынатынын хабарлаған. Осы мәселеге қатысты қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев БАҚ өкілдерін жинап, адвокаттың мәлімдемесін жоққа шығарды. Мемлекеттік қызметкердің мәліметінше, барлық құжаттар заңды. Және «BLS GROUP» ЖШС «Қазақстанда жасалған» брендімен олимпиада жүлдегерлері мен спорттық шараларға қатысушыларға арнайы спорттық киімдерді тігіп жүрген қазақстандық компания. – «Әділдік жолының» таққан айыбымен келіспеймін. Бұған қатысты әкімшілік сот шешімі шыққан жоқ. Мемлекеттік ішкі аудит департаментін шақыртып, акт құжатына қол қойдырту керек. Департамент мамандары әлі тексеріс жүргізбеді. Менің заң талабын бұзғанымды сот қана шешеді. «BLS GROUP» – өзіндік сән үлгісімен ересектер мен балаларға киім тігетін отандық өндіруші. Осы ЖШС олимпиада, универсиада және чемпионаттарға арнап еліміздің спортшыларын жабдықтаумен айналысады. Компания спорттық киімдер тігуге байланысты халықаралық лицензия алған. «BLS GROUP-тың» сапалы өнім дайындауға авторлық құқығы бар. Дәлел ретінде отандық компанияның құжаттар пакеті қолымда бар. Айта кетейін, мамыр айында Батыс Қазақстан облысының VII Халық спорты ойындарында жалпыкомандалық есепте жаңа спорттық киім-кешекпен жабдықталған Орал қаласының командасы бірінші орын алып, Қостанай қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдаманы жеңіп алдық, – деді Артур Шерғалиев. Брифинг кезінде «BLS GROUP» заңгері компания құжаты түгел екенін, мемлекеттік сатып алу заң аясында жүргізілгенін хабарлады және онлайн-байланыс арқылы киім тігу цехын көрсетті. Бұл даудың нүктесін сот құрылымы ғана қоймақ.
Естеріңізге сала кетеміз, ел аумағында кез келген азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесін қосуға және мемлекетік сатып алу сайтына мониторинг жасауға толық құқығы бар.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу