8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2019 1560 0
Қоғам

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

Орал қаласында Атаулы әлеуметтік көмек сәуір айынан бастап 3329 отбасыға тағайындалған. Мемлекет тарапынан берілетін көмек жұмыссыз немесе күнкөрісі төмен отбасыларға өз кәсіптерін  ашып, дамытуға берілген зор мүмкіндік. Бұл бағдарлама азаматтарға өз кәсібін ашуға жағдай жасайды. Қазіргі таңда халыққа әлеуметтік көмекті алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қаржылай көмек алған халықтың қазір күнкөрісі жақсарып келеді. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, жағдайын жақсартып отырғандардың бірі – Айдана Ихсанова.                      

Көпбалалы ана Айдана Т ілекқабылқызының жасы 37-де.   Өткен жылдың  маусым айынан бастап шартты  ақшалай атаулы әлеуметтік көмекке тағайындалып, айына 15959 теңге көлемінде қаражат  алып келді. Айдана ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсын бітірді. «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру», «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде  ағымдағы жылдың 31 мамырында  252 500 теңгеге қайтарымсыз грант қаражатына қол жеткізіп, құс шаруашылығымен айналыса бастаған. Қазір төрт баланың анасы 125 үйрек,  50 қаз, 40 мулард  құстарын өсіріп, бағуда.  Айдана алдағы уақытта жеке кәсібін одан әрі дамытып, отбасының  әлеуметтік  жағдайын жақсартқысы келеді.               

– Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. Бұл бізге өте тиімді.  Үйрек-қазды баптап, етке өткізбек ойым бар. Құстың күтімі мен басқа да ерекшеліктеріне қанықпын. Бұрыннан жеке кәсіп ашу ойымда болған еді. Бірақ қаражат таппай,  қолымыз қысқарды. Көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек берілетінін  естіп қуандым. Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе, біріне  жетпейтін. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Расымен, атаулы көмекті алған соң жағдайымыз да едәуір жақсарды. Үй құстарының жемін, дәнін алып, жағдай жасап отырмыз. Алдағы уақытта да осы салада жұмыс істеп, тұрмысымды жақсартқым келеді. Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметке алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана.  Еңбекқор Айдананың тұңғышы 17-де болса,  кенжесі – екі-ақ жаста. Отағасының  тұрақты жұмысы жоқ. Бірақ  күйеуі де кез келген шаруаны атқарып, нәпақа тауып жүр.

           Айдана Тілекқабылқызы көпбалалы ана ретінде атаулы әлеуметтік көмекке ұсынылды. Бірақ ол ай сайынғы төленетін көмектен бас тартып, қайтарымсыз грант алуға бел буды. Сөйтіп отбасылық кәсібін бастап, тұрмысын жақсартуды көздеп отыр. Өзгеге алақан жая бермей, өмірін жақсарту  әркімнің өз қолында екенін дәлелдеген Айданадай жандар өзгелерге үлгі, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев.

Гүлназым ЖАҚСЫЛЫҚ

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
298 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
307 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
439 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
733 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
831 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1069 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1338 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1566 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1602 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1754 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1950 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2174 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2261 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»