«АТА-ЕНЕМНІҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫМ»
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында өткен «Әлемнің жарығы» тақырыбындағы облыстық аналар форумында:

Клара РИЗУАНОВА, «Алтын алқа» иегері, ұстаз-ана:
– Мен 34 жыл еңбек өтілі бар ұстазбын. Орал қаласындағы педагогикалық институттың жаратылыстану-география факультетін тәмамдадым. Жолдасым Ауған соғысының ардагері Нұғманмен институтта бірге оқып, 1988 жылы шаңырақ көтердік. Өзім көпбалалы отбасында тәрбиелендім. Ата-енем «Бақыт балалы үйге қонады» деп жиі айтатын. Осы ақылдың әсері болар, дүниеге жеті сәби әкелдім. Ата-енемнің тікелей көмегінің арқасында ұстаздық жұмысымнан қол үзбедім. Фурманов ауданы Талдықұдық орта мектебінде 1990-2001 жылдары аралығында мұғалімдік қызмет атқардым. 2001 жылы Орал қаласына қоныс аудардық. Жолдасым екеуміз қаладағы №44 орта мектепте жұмыс істедік. Балаларымыздың алды да осы мектепте оқыды. Біздің бақытты алаңсыз тұрмысымызды 2004 жылы жолдасымның мезгілсіз қазасы үзіп кетті. Ол уақытта 7 баланың үлкені 8-сыныпты аяқтаса, кішісі 4 жаста болатын. Қанша қиналсам да жолдасымның аманаты балаларымды жетілдіру керек екенін түсіндім. Мен үшін туған анамнан кейінгі асыл жан-енем балаларымды студент болғанша бірге өсіріп, қарашаңырағымызды аманаттап, өмірден өтті. Қазір балаларым ер жетті. Екі қызым жоғары оқу орнын аяқтап, тұрмыс құрды. Өнегелі, текті әулеттермен құдандалы болдым. Ұлым БҚАТУ-ды тәмамдап, қазір «Болашақ» қоғамдық қорының менеджері. Одан кейінгі бір қызым №34 орта мектепте дефектолог болса, енді бірі Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін аяқтап, облыстық көпбейінді ауруханада жұмыс жасайды. Бір қызым Алматыдағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық институтының биология факультетінде оқып жүрсе, кенжем Айсәуле БҚАТУ-дың экономика және бизнес факультетінің студенті. Өзім қазіргі заман мұғалімі деңгейіне сай болып, талап мүддесінен шығуға тырыстым. Еліміздің әр түкпірінде жүрген шәкірттерімнің ыстық ықыласын көргенде ең гуманизмге толы мамандығым үшін мақтанамын. Бүгінде ата-ененің батасын алған келінмін, ардақты анамын, қамқор әжемін, ұлағатты ұстазбын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу