ҒАСЫРДАН ҰЗАҚ ТАРИХЫ БАР КІТАПХАНА
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің өзге салаларымен бірге кітапхана жүйесі де ұлтымыздың мол мұрасын сақтауда. Солардың бірі республикамыздағы тарихы бай, көне Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына биыл – 150 жыл. Айтулы мерекеге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» атты жинақтың тұсауы кесіліп, кітапхана ісін дамытуға үлес қосқан жандар ҚР Мәдениет және спорт министрінің, облыс әкімінің, ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
БҚО Мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі Құралай Арыстанова, Гүлбаршын Бакатова, Қарылға Қазиева, Райхан Ақболатова, Полина Жасиповаға облыс әкімі Ғали Есқалиевтың және бірқатар кітапханашыларға ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын тапсырды.
Бұған дейін облыстық кітапхананың 140 жылдығына орай жарық көрген «Кітапхана және уақыт» атты кітапта кітапхана тарихы зерделеніп, мәліметтер мен деректер оқырмандар назарына ұсынылған болатын. Атаулы жинақта облыстық кітапхананың Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай кітапхана ісінің дамуы, қызметтегі жаңашылдықтар, ел тәуелсіздігін тұғырлы етуге, рухани ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға қосқан үлесі туралы баяндалады. Сондай-ақ, ақпараттық жинаққа кітапхананың Тәуелсіздік жылдарындағы даму кезеңдеріне байланысты ресми құжаттар, жеткен жетістіктері, кітапханашы тұлғалар туралы деректер, кітапхана ісін дамыту бағытындағы қызметтері, мақалалар, баспа өнімдері енген.
Шара барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры, п.ғ.д, профессор Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директоры, қазақстандық кітапханалық одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова және жинақтың бас редакторы М.Өтемісов атындағы БҚУ «Рухани жаңғыру» институтының директоры, п.ғ.д, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Қыдыршаев жинақтың тұсаукесер рәсімін жасады.
– Ұлттық кітапханада 7 миллионнан асатын, 123 тілді қамтитын бай қорымыз бар. Сол қордағы ең үлкен мақтанышымыз сирек кітаптар мен қолжазбалар. Қорда XVIII ғасырда жазылған құран бар, – деген Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директоры, қазақстандық кітапханалық одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директоры Шолпан Қуанышқызына қасиетті құранды сыйға тартты. Сондай-ақ ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Ұлттық кітапханасының алғыс хаттарын иелеріне тапсырды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Алғыс хатымен Абат Қыдыршаев, Үзілдік Елеубаева, Әлима Төлеуғалиева және тағы басқалар марапатталса, Алмагүл Нұрсапина, Роза Мұсағалиева, Светлана Жукина «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», Динара Шакелова, Исатай Жұмақаев «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерін кеуделеріне тақты. Ал өңіріміздің зиялы қауым өкілдері Айтқали Нәріков, Мира Шүйіншәлиева, Медхат Қамбетов Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хатын иеленді.
Өз кезегінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова киелі алтын орда кітапхананың 150 жылдық мерейтойына арнайы Нұр-Сұлтаннан марапат ұсынғалы келгенін тілге тиек етіп, әсіресе кітапханашылар қауымына басын иіп, рахметін жеткізді.
– Айлығы шәйлығына жетпейтін, аз ғана жалақыға жұмыс жасап, адал еңбек етіп келесіздер. Қазақстандағы ғалым да, профессор да, министр де осы қарашаңыраққа келіп, білім нәрін алады, – деген бірлестік төрағасы кәсіподақ атынан бірқатар сала мамандарын «Еңбек Даңқы» төсбелгілерімен марапаттады.
Иә, тынымсыз еңбек пен зор ізденісті талап ететін кітапханашы мамандығының қыр-сырын терең меңгерген майталман мамандар кітапхана тарихын қалыптастыруымен қатар оны даму сатысына жеткізу жолында өз қолтаңбаларын қалдырып, айтарлықтай үлес қосты. Кітапхананың әр жылдарда жаңашылдыққа ұмтылып, толағай жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінуі ұжымға басшылық еткен тұлғаларға да тікелей байланысты екені сөзсіз. Білімі мен біліктілігін елге адал қызмет етуге арнап, кітапхана саласында мағыналы да мәнді еңбек атқарған Лидия Губанова, Гүлжан Жұмақаева, Роза Исатаева сынды беделі биік дарынды басшылардың өнегелі ісі мен еңбек жолын көпшілік жақсы біледі және үлгі тұтады. Осы орайда кітапхана саласының құрметті ардагерлері Гүлжан Жұмақаева мен Роза Исатаева, БҚО салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов қазіргі заман талабына сай кәсіби білімі жоғары, жаңа технологияны меңгерген жан-жақты жетілген кітапхана жұмысына сәттілік тіледі.
Кітапханада ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармашылық мұрасын оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Жұбан оқулары» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Осы жылдар ішінде талай поэзия сүйер жас ұрпақ ақын жырларын сүйсіне оқып, рухани жетілуде. Биыл да 21-ші рет өткізілген «Жұбан оқулары» байқауы өз мәресіне жетіп отыр. Салтанатты шарада М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Мүтеев байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.
Жергілікті ақын-жазушылар кітапханамыздың тұрақты оқырманы. Жаңа жарық көрген жинаққа Айтқали Нәріков, Мира Шүйіншәлиева, Мұнайдар Балмолда, Сағынтай Бисенғалиев сынды өлкеміздің бірқатар танымал тұлғалары пікір білдіріп, жүрекжарды өлеңдерін арнап, Тәуелсіздіктің отызыншы белесіне көтерілген кітапхана да елмен бірге жасай беретініне, келешек ұрпақты рухани теңіздің тұнық тұңғиығынан сусындатып, мәдениетке, адамгершілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелей береріне сенім білдірді.
Рухани кеш соңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Cәуле Карабалинаның әні мен сөзіне жазылған «Жұбан кітапханасы» әні алғаш рет шырқалып, көпшіліктің көңілін тербеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреттері
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу