8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2019 2007 0
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА КӨШІРУ МАҢЫЗДЫ»

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыста агроөнеркәсіп кешенін серпінді дамыту кажеттігін атады.


Облыс ет өнімдерімен дүниежүзілік нарыққа шығуда. Қой етін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, Иранға экспорттау 3,5 есеге, сиыр етін шығару 21 пайызға артты. Бірақ, көңіл аударарлық мәселе де бар. Облыс ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бойынша 15-інші орында. Өңірдің экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі соңғы жылдары төмендеуде. Бұл – қуаңшылыққа да байланысты. Дегенмен, пәрменді шаралар қабылдап, көрсеткішті жақсарту қажет.
– Себеп объективті.
Бірақ, біздің міндетіміз – көрсеткішті жақсарту. Облыстың етті мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі бар. Сондықтан Үкіметпен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін пәрменді іс-шараларды қабылдауды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мен бөлуде ашықтық пен тиімді механизмді қолдану керек. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдап, олардың өнімдерінің өту мүмкіндігін кеңейту қажет. Ауыл шаруашылық өндірісін заманауи технологияға көшіру маңызды. Бұл біздің алдағы бес жылдағы жұмысымыздың басымдығы, – деді Мемлекет басшысы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
43 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
93 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
280 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»