8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2020 1219 0
Қоғам

АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР АРДАГЕРДІҢ АУЛАСЫНДА ЖЕҢІС ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ (ФОТО)

       Ұлы Жеңіс мерекесі күні   БҚО  «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен  БҚО халықтары Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері қаладағы 10 аула тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шара Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Эльмира Амированың орындауындағы  «Майдан медбикесі» вальсінен басталды. БҚО  «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері да бар өнерлерін  ортаға салды. Мәселен, Вероника Давлетова «Туған жер» әнімен көпшіліктің көңілінен шықса, Темірлан Мақсотовтың орындауындағы «Дорогие мои старики» әні ардагерлердің көңілін серпілтті.  Ал Инесса Тоболева мен Юлия Друнинаның «Зинка» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты Алексадр Бугаков «Журавли» әнін шырқағанда тебіренбеген жан қалмады. БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, БҚО «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов  Ульяна-Громова 9-үйде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қайыржан Байменовті Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап,  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары және хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың алғыс хатын табыс етті.

Соғыс ардагері Қайыржан Байменов 1924 жылы Қаратөбе ауданы, Аккозы ауылдық советінде дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айының 20-сы күні әскер қатарына алыныпты. 1943 жылдың басында «Калинин» фронтына соғысқа кіреді. Осы кезден бастап 1945 жылдық қыркүйек айының 20-сына дейін қиян-кескі соғыс даласында болған. Осы уақыт ішінде үш рет ауыр жараланады. Ардагер әлі күнге дейін Батыстың батыр қызы Мәншүкпен кездескен күнін мақтанышпен әңгімелейді. – Мен 1944 жылы «Новосокольниктің» түбінде Мәншук Мәметовамен кездестім. Полк командирі Волковпен шалашта оған байланысшы болып, бірге тұратын едім. Бір күні дивизия командиріне жұмсады, қолымда жазып берген қағазы бар болатын, осы қағазды дивизия командиріне тапсырып, оның жазып берген қағазын Волковқа әкеліп беру керек едім. Осы жолда пулеметін тазалап отырған Мәншүкпен таныстым. Оралдан екенін айтты. Осы кездесуден кейін «Кинель» қаласын босатқаннан соң «Мәншуктің» батыр атағына ие болғанын естідім, – деп еске алады майдангер. Қарт сарбаз 1945 жылдың қыркүйек айының басында Ұлы Отан Соғысының 3-топтағы мүгедегі болып елге оралыпты. Келгеннен кейін Аккозы совхозының 2-бөлімшесінде есепші болым жасайды. Түрлі салада қызмет атқарады. Майдангер биыл 96 жасқа толған. Денсаулығы сыр берген қария ассамблеялықтардың концертін балконнан тамашалап, жастарға ақ батасын берді.

Айта кету керек, бүгін қаладағы 200-ден аса аулада Ұлы Жеңіс мерекесіне орай концерттік бағдарламалар өтті.

 

       

Р.ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТТЕРІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
226 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
421 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
419 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
870 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
939 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
958 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
977 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1000 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1370 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1494 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1524 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1799 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1811 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1939 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2232 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2331 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»