8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2021 1346 0
Қалалықтар қаперіне

«ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ НЫСАНДАР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ – ЖАҢА ҚАУЛЫ

Бүгін, 11 тамыз күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы №19 қаулыға қол қойды. 

Жаңа қаулыға сәйкес, енді «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандар сенбі, жексенбі күндері де  жұмыс жасайды.

Қаулы мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабы 2,3,4,7 тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын,  «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары енгізілсін.
  2. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдар және кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары, БҚО Кәсіпкерлер палатасы, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері:

1) Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;

3) Жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

5) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 18-қосымшасына сәйкес, қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысына рұқсат беру.

6) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа жіберуді шектесін. Ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы:

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – ҚР БМСД) 29.07.2021ж. №33 қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарау және қатысушылардың тізімін әкімдікке жіберу;

– жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізу;

– кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ashyq»қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.

  1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

– ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 Қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 талаптарын сақтай отырып, қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, отыратын орындар саны бойынша толтырылу).

  1. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

– ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 Қаулысына сай «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда ҚР БМСД 25.12.2020ж. №68 Қаулысына сай қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салу;

– осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес объектілер белгіленген жұмыс кестесіне сай жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынсын;

  1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының және аудандарының әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 Қаулысына сай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» пилоттық жобасын енгізуді;

-ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 68 Қаулысымен белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

– шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;

– бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

– шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

– InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін бақылауды;

– Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша объектілерде күндізгі және түнгі уақытта мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

– персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

– келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

– келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. 9. Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 Қаулысына сай «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылау:

– рұқсат беру құжаттары жоқ (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама), тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға жол бермеу мақсатында ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 Қаулысына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін қарау сатысында келісу;

– «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтмасыз етсін;

– халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылау;

– әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

– карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалау;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

– тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

– инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

– халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;

– COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

– санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығын, Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

  1. Медициналық ұйымдардың басшылары меншік түріне қарамастан:

– COVID-19-бен ауыратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығына сәйкес, COVID-19-бен ауыратын науқастардың, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулауды сақтау шарттарын міндетті түрде орындауы туралы қолхатын тапсыра отырып, үйде оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы хабарлау жүзеге асырылсын.

  1. 12. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

– аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;

– расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;

– COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету.

  1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау;

– облыста пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;

  1. 14. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  2. 15. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:

– 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу  туралы»;

– 2021 жылғы 09 шілдедегі №15 ««Батыс Қазақстан облысы аумағында қатан карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

– 2021 жылғы 14 шілдедегі №16 ««Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

– 2021 жылғы 14 шілдедегі №17 ««Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

– 2021 жылғы 05 тамыздағы № 18 ««Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулыларының күштері жойылсын;

  1. 16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. 17. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                       М.К. Арыспаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 11 тамыздағы №19

Қаулысына қосымша

 

Объектілер / салалар Қызыл аймақ ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін
1 Өнеркәсіп ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі  
2 Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі  
3 Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
4 Байланыссыз қызметтер (Автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.). ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
5 Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.). ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
6 Гүл дүкендері, фотосалондар Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
7 Медициналық ұйымдар, дәріханалар Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
8 Мұражайлар, кітапханалар ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
9 Балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, үйірмелер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмысқа рұқсат етіледі  
10 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері (жазба бойынша) Маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
11 Азық-түлік дүкендері (минимаркеттер)

 

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
12 Супермаркеттер, гипермаркеттер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
13 Сауда алаңы 1000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
Сауда алаңы 1000 м2 асатын азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі
14 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) ҚР БМСД 25.12.2020ж.  № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі
15 Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) ҚР БМСД 25.12.2020ж.  № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. ҚР БМСД 25.12.2020ж.  № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі
16 Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, қонақ үйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.). ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуын 80%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі  
17 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазба бойынша) Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысқа рұқсат етіледі  
18 Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін уақытты шектей отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі
19 Мектепке дейінгі мекемелер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі  
20 Ұйымдар, офистер * 80% – қашықтықтан жасау;

20% – штаттық режимде

 
21 Діни объектілер Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей  
22 Қоғамдық тамақтану объектілері Жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатыла отырып, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуын 50% – дан асырмай, бірақ 30-дан аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4-6 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып және тамақ жеткізу қызметімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін  толтырылуы 50% – дан аспайтын, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4-6 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
23 Жазғы алаңдар Жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 50% – дан аспайтын, бірақ 30-дан аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4-6 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей,  ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін  толтырылуы 50% – дан аспайтын, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4-6 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
24 Фудкорттар ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып тамақ жеткізу және шығару қызметімен жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін  толтырылуы 20%-дан аспайтын, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі
25 Моншалар ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
26 Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
27 Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
28 Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары Жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
29 СОО, сауда үйлері, сауда желілері ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұру, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды, гүл дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды), сондай-ақ ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда рұқсат етіледі. ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды, гүл дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды), сондай-ақ ҚР БМСД 29.07.2021ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда рұқсат етіледі.

«Ashyq» көшбасшылары» сағат 09.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі

30 Мәдениет объектілері (дайындық) Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, 30 адамға дейін, сондай-ақ covid-19-ға қарсы вакцинаныңекі компонентін де алған адамдарға рұқсат етіледі
31 Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, филармониялар Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуын 30% – дан асырмай, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 09.00-ден 00.00-ге дейін толтырылуын 40% – дан асырмай, бетперде режимін, шахматқа сай отырғызу және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі
32 Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі
33 Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі
34 Бильярд бөлмелері Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін, толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
35 Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін, толтырылуын 30%-дан асырмай (12 жастан жоғары келушілерді кіргізу) жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
36 Боулинг Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін, толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
37 Цирктер Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 30% – ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі
38 Ашық ауадағы атракциондар ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі
39 Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 10 ш.м., алаң қамтамасыз етумен, бірақ  30 адамнан асырмай ҚР БМСД 25.12.2020ж. №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 10 ш.м., алаң қамтамасыз етумен, бірақ  60 адамнан асырмай ҚР БМСД 25.12.2020ж.  №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
40 Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД 25.12.2020ж. № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып,толтырылуын 20%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі
41 Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етумен, бірақ 30 адамнан асырмай, толтырылуын 30%-дан асырмай, сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Ashyq» көшбасшылары» бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етумен, бірақ 50 адамнан аспайтын, толтырылуын 50%-дан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
41 Караоке Тыйым салынады,

ҚР БМСД 29.07.2021 ж. №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары» сағат 07.00-ден 00.00-ге, бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінде толтырылуын 50% -дан асырмай, бірақ 30 адамға дейін, жұмыс істеуге рұқсат етіледі
42 Түнгі және ойын клубтары, барлар, кальян орындары Тыйым салу  

 

* – Мемлекеттік органдар, ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтан және штаттық жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3- 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің штаттық режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

** – банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
241 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
282 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
560 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
572 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
698 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1092 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1119 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1329 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1826 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1865 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2012 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2211 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»