8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2022 2194 0
Оқиға

Қару-жарақтың толық арсеналы тәркіленді

Орал қаласының тұрғынынан Калашников автоматы, тапаншалар мен олардың патрондары табылып, тәркіленді. Күдіктіден қаруларды қандай мақсатта жинағанын және қайдан алғаны бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.Қауіпті олжаны 6-шы қыркүйекте БҚО ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері БҚО ПД Жедел әрекет етудің арнайы жасағының қолдауымен «Учаске» жедел алдын алу іс – шарасы аясында қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында анықталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту қажеттілігіне баса назар аударды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында БҚО Полиция департаменті күдікті тұлғаларды анықтау бойынша нақты жедел жұмыс жүргізуде. Мәселен, “Волна” саяжай қоғамында тұратын 1970 жылғы “Г” есімді азаматтың тұрғылықты жерін тексеру барысында «АК-47» автоматы, 5 патрондары бар АК-47 тапанша, 7/62 калибрлі АК-47 тапанша, 1944 жылғы «Наган» оқпаны жоқ револьвер, «Револьвер» сериясы жоқ, 9/19 калибрлі ПМ тапанша, 7, 62х39 мм калибрлі патрондар – 198 дана; 5, 45х79мм калибрлі патрондар – 20 дана, 9х18мм калибрлі патрондар – 6 дана, сондай-ақ кісендер табылып,тәркіленді.
Қарудың барлық түрлері бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды .

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»