8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2020 1363 0
Қоғам

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП БӨРЛІ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2020 жылдың 25 ақпан күні «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторинг тобы мүшелері Бөрлі ауданы полиция бөлімі жеке құрамымен кездесу өткізді.

Іс-шараға Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының аға офицері Н.М. Ихсанғалиев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ә.Ө. Сәлиева, арнайы мониторинг тобы басшысы В.С. Колпаков қатысты.

Шара кезінде А.Сәлиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.

В. Колпаков қатысушыларды АМТ жұмысымен таныстырып, 2019 жылғы атқарлыған жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында спикерлар қатысушыларды қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
128 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
186 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
250 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
282 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»