8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2019 2677 0
Қоғам

АРМИЯДА ҚЫЛМЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында бірнеше іс-шара өтті.

Басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Данияр Қадырғалиевтің төрағалығымен өткен кездесуде жеке құрамға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин  жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндірді. Кездесу барысында еліміздегі орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары баяндалып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы бейне роликтер көрсетілді.

Сонымен аталған бағдарламаның жалғасы ретінде «Армия ортасына деструктивті идеялардың кіруіне жол бермеу» тақырыбында дін өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға облыстық дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Наурыз Убаев қатысты.  Жиынды басқарманың жасақтау бөлімінің бастығы, капитан Нұрлан Баймұханов ашып, теолог маман жеке құрамның діни сауатын одан əрі жетілдіру мақсатында журналдар табыстады жəне қойылған əр түрлі сұрақтарға жауап берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»