8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2021 3212 0
Қоғам

«ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР»

Осындай атаумен 11-желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігінің» ұйымдастыруымен Жастар Мәдениет үйінде ардагерлер ансамбльдерінің концерті өтті. Шаhар әкімшілігі, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысқан шара қолөнершілердің әдемі көрмесімен басталды.


Өнерпаз қариялар Ескендір Хасанғалиев, Әділбек Сүлейменов, Донеділ Қажымов сынды белгілі композиторлардың және халық әндерін табиғи дауыста шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Жастық жігерлерін еңбексүйгіштігімен қоғамның байлығын еселеуге арнаған, жас ұрпақты бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеуден тынбаған ансамбльдердің қатарында «Ардагерлер» клубының жанынан құрылған «Домбырашылар» (жетекшісі Б.Уракаев), «Әже сәлемі» вокалды тобы (жетекшісі С.Кубаев), «Сударушка», «Деркулочка», «Жайық толқындары», «Ару аналар», «Асыл әже», «Қазына» және «Ағалар» вокалды топтары да болды.

Концерт соңында сөз алған қала әкімі Абат Шыныбеков пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің жылы лебізінен кейін әкімдік атынан табысталған ықылас гүлі ардагерлерге деген шынайы ризашылықтың белгісін білдірді.

Жалпы жыл ішінде өнер ұжымы қаладағы көптеген шараларға қатысып, халықтың ықыласына бөленіп жүргенін де айта кеткен жөн.

Лунара АРЫСТАНОВА, 

zhaikuni.kz

Суретке түсірген: Еркін ЖОЛАМАН

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»