ҚАРИЯЛАРДЫ ҚАМҚОРЛАДЫ
Қайырымдылық айлығы аясында Республикалық жоғары техникалық колледжі ұжымы мен студенттері Орал қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіндегі қамкөңіл жандарға арнап «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен концерт қойды. Қарияларға арнайы қызмет түрлерін ұсынды.

Қасиетті жұма күні мұндағы қамкөңіл жандарға колледж ұстаздары мен студенттері қонаққа келіп, ән-жырдан шашу шашып, оларға түрлі қызмет көрсетті. – Бұл кісілер тағдырдың тәлкегімен осында келіп қалған, біздің ата-аналарымыз сияқты қариялар ғой. Қарттардың бір күнгі қуанышының өзі бізге үлкен ләззат сыйлайды. Олар бала сияқты сәл нәрсеге қуанып, болмашыға мұңаяды. Сол себепті бір сәт көңілдерін аулап, жандарын жадыратқымыз келді. Сый-сияпатымызды даала келдік, – дейді қайырымды жандарды бастап барған Республикалық жоғары техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Руслан Қизағалиев.
Ал орталықтың тәрбие ісіне жауапты қызметкері Мария Папованың айтуынша, мұнда тұратын қарттар мен мүгедектердің әрқайсысының тағдыры атан түйеге жүк болғандай ауыр, әрқилы. – Мұнда ешкім де еріккеннен келмейтіні белгілі. Сондықтан оларға жылы көзқарас, ілтипатты қызмет көрсету басты міндет болып табылады. Біздің қызметкерлердің барлығы дерлік психолог деу орынды. Олар өмір иықтарына артқан ауыр тағдырлы адамдардың көңілін табуға тырысады, шама-шарқынша тұрғындардың қасы мен қабағына қарайды десем артық айтқандық болмас. Солай талап етіледі де, – дейді ол.
Колледждің белсенді студенттерінен құралған үлкен шығармашылық ұжымның бет алысы мен өнерлері адам сүйсінерліктей. Ән дейсіз бе, би дейсіз бе, күй дейсіз бе – бәрі осында. Өнерпаздардың өнерлері бірінен бірі өтеді. Мәселен, Жандос Қанатқалиевтың орындауындағы «Қыз бала гүл», Құралай Есмағанбетова шырқаған «Тілек» әндері қарияларды бір сілкінтті. Аңсар Сапиев «Шаршама» әнімен көрерменін ұйытса, Рауан Сұлтанов «Кавказ қызы», Арман Қалиев «Күз», «Армандастар» әндерімен қариялардың ықыласына бөленді. Бұдан соң белсенді жастар аға буын өкілдеріне арнайы қызметтерін ұсынды. Колледждің тарих пәні оқытушысы Айкөркем Кашапова әжелердің беттерін әрлеп, бір жасартса, колледж студенттері Нұрлыбек Жұмағұлов пен Инокентий Приходька қариялардың шаштарын сәндеп қиды.
Жастар қарттар үйіндегі ата-әжелерін ортаға алып суретке түсті. Бұл күнгі әсерлі кездесуден соң екі ұрпақ бірін-бірі қимай қоштасты. Қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары атынан сөз алған Баймағанбет Батырғалиев: – Сендер қамкөңіл қарияларға қандай қуаныш, қандай бақыт сыйлағандарыңды білесіңдер ме?! Біз енді сендерді апталап, айлап әңгіме қылып, өздеріңе, өнерлеріңе, қайырымды істеріңе тамсанып отыратын боламыз. Сабақ уақыты болса да, уақыттарыңды бөліп қарттардың көңілін көтеруге келген сендерге, өздеріңді бастап келген Руслан Қайырболатұлына алғысымыз зор. Өркендерің өссін!», – деп ақ батасын берді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру

Пікір үстеу