8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2019 1830 0
Қоғам

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

         Қайырымдылық айлығы аясында бүгін қалада тұңғыш рет ардагерлер арасында спартакиада өтіп, әр жастағы 100-ден аса аға буын өкілдері асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы  спорты түрлерінен бақ сынасты.  

Орал қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың спорт залында  өткен спартакиаданы қала әкімі Абат Шыныбеков ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.       –  Құрметті ардагерлер! Қайырымдылық айлығы шеңберінде ардагерлер арасында өткізіліп жатқан  спорттық додаға қош келдіңіздер. Бүгінгі таңда дені сау ұлттың – болашағы зор екені баршамызға аян. Сондықтан елімізде Елбасымыздың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта ардагерлердің де сүйікті спорт түрлерінен бақ сынасуына мүмкіндік жасау мақсатында қалалық ардагерлер кеңесімен бірге осындай спартакиаданы дәстүрлі түрде өткізуді жолға қоймақпыз. Спортсүйер аға-апаларымыздың жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады. Бұл жақсы бастама деп ойлаймыз. Күзде басталған спартакиада алдағы уақытта да қалалық әкімдіктің қолдауымен кезең-кезеңмен жалғасады.  Спорттың сан түрінен талай мәрте республикалық, облыстық жарыстарда топ жарған ағаларымыз орталарыңызда тұр. Осындай спорттық шаралар ардагерлерге күш-қуат беріп, жас ұрпаққа үлгі өнеге болады деп білеміз. Спорттық шараның М.Өтемісов атындағы киелі білім қарашаңырағында өтуінің өзі жайдан-жай емес. Өйткені  өңір спортындағы елеулі жетістіктер осы білім ордасынан бастау алып, талай әлем чемпиондары осында жаттыққан. Ұрпақтар сабақтастығын берік жалғап келе жатқан университет ұжымына ризашылығымды білдіремін,  – деген шаһар басшысы Абат Шыныбеков спорт жанашыры, өңір спортын дамытуға елеулі үлес қосқан, бүгінде мерейлі жасқа аяқ басқан Николай Константинұлына Алғыс хат табыстады.

Шарада сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов жастар адаспас үшін аға буын өкілдерінің жеткіншектердің тәрбиесімен айналысып, оларға әр ісімен үлгі болуы керегін жеткізді.  Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығметов  осындай игі бастаманы қолға алған қала әкіміне, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұжымына алғысын білдіріп, басқосудың мақсаты егде жастағы қариялардың басын қосып, әңгіме дүкен құруына ықпал ету екенін атап өтті.  Жарыс алдында ардагерлер сергіту жаттығуларын жасап, белсенділіктерін танытты. Одан соң ардагерлердің бір тобы ерекше көңіл-күймен шахмат, дойбы үстелдеріне жайғасса, енді бірі  асық атудан сынға түсті.  Ақ жаулықты әжелер ұлттық ойын Хан талапай ойнап, мәз болысты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
28 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
327 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
574 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
607 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
762 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
957 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1194 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1275 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1385 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1390 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1420 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1428 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1533 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1749 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2063 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1947 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2059 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»