АРДАҚ НАЗАРОВ ЖАСТАРҒА БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАП, ТАБЫСТЫ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ («Жас кәсіпкер» жобасы бастау алды)
Белгілі спортшы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.

22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.
2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы саны Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы 18-29 жас аралығындағы жастар болады.
«Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден астам спортшылар бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын. Бұл еңбекке баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты көріп, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды жөн көрдім », – деді танымал күрескер.
«Кәсіп, жеке бизнес, бай болу жақсы, бірақ жол еңбекқорлық арқылы келеді. Менің достарым, таныстарым және бизнесмендер менен де ертерек тұрып, түн ортасында ғана ұйықтайды. Неліктен?, себебі, олар тек өздері үшін ғана емес, жұмыс үшін де, өз командасы үшін де, айналадағылар үшін де жауап береді. Бұл бизнес пен спорттың арасындағы ортақ нәрсе», – деп атап өтті Ардақ Назаров.
«Тек жұмыс арқылы ғана өркендеуге жетесіз», – осымен ережесіз күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров келіседі.
Білім беру жобаларының ерекшелігі – үш негізгі элементті біріктіру: оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеу. 22 шілдеден бастап 200 мың жас және көп балалы отбасылардың мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Бір қызығы, 60 сынып елорда мен ірі Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан. Дәл осы қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп бөлігі шоғырланған.
«Мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін жастар арасында танымал адамдарды тарту туралы «Атамекеннің» бастамасын қолдаймын. Өйткені, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мен атақты спортшыларды, шоу-бизнес жұлдыздарын қоғамымыздың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды алға жылжытуға шақырамын, – деді А.Назаров. -Мен жастарды батылдықпен алға ұмтылуға, ештеңеден қорықпауға шақырамын. Мемлекет жастарды қолдауда үлкен жұмыс атқарады: ол тек білім ғана емес, сонымен қатар гранттар мен несиелер де береді».
Спортшы жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың өкілі немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас Кәсіпкер» жобасында оқи алады. Ол үшін сөтінімді qoldau.atameken.kz сайтында қалдыра аласыз. Палата филиалдарымен немесе «Атамекен» ҰКПбайланыс орталығы – 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу