8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Шілде 2021 1946 0
Қоғам

«ҚАРАҚАТТЫҢ МЕКТЕБІ» – ДАРЫНДЫЛАР МЕКЕНІ

          Маусымның бірі күні  әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдинаның Орал қаласында «Қарақат» студиясы ашылған болатын. Бүгінде музыкалық-шығармашылық бағыттағы  мектеп студияда 4 жастан 18 жасқа дейінгі дарынды балалар өнердің түрлі салалары бойынша білікті мамандардан дәріс алып жүр. Бұл әншінің осы қаладан ашылған екінші мектебі. Осы орайда қаламыздағы «Қарақат» музыка мектеп-студиясының бүгінгі жай-күйі мен оған қабылдау тәртібі, алдағы жоспары туралы екі мектепті де «ұршықша иіріп отырған» Орал қаласының тұрғыны Рысбек Серікқалиевті сөзге тартқан едік.  

    

Мектеп директоры Рысбек Даниярұлының айтуынша, көмейіне бұлбұл ұя салған қазақтың дарынды қызы, бүгінде таңғажайып даусымен, кәсіби шеберлігімен қазақ өнерінің айтулы жұлдызына айналған Қарақат Әбілдинаның атындағы алғашқы мектеп студиясы Орал қаласының 9 ықшамауданынан техникалық режимде өткен жылдың бірінші маусымында ашылған. Арада өткен бір жыл ішінде 250-дей бала музыкалық білім алып, түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысқан. Яғни «Мен де жұлдыз боламын», «Атадан мұра» байқауларында топ жарған балалардың көбісі  Түркия еліне жолдама да жеңіп алған.  Сөйтіп мұндай мектептің қажетін сезген көпшілік екінші мектеп ашу жөнінде ұсыныс түсіріпті. Нәтижесінде халықтың сұранысымен таяуда ғана Зашаған кентінде Қарақаттың екінші мектебі бой көтерген.

–  Мектепте алғашқыда 100 шақты бала ғана тәрбиеленді. Бүгінгі таңда бала саны екі есеге артты. Саны да, сапасы да өсті. Аптаның 5 күнінде балалар осы жерде оқиды, музыкалық сауатын ашады. Топпен жұмыс істейді. Мақсатымыз – кішкентай аудиторияда жетілген жасты үлкен сахнаға шығару. Байқауларға қатысып тұрамыз. Жүлделі орындарымыз аз емес, – дейді «Қарақат» мектеп-студиясының директоры Рысбек Серікқалиев.

Қазіргі таңда баланың музыкалық қабілетін жан-жақты дамыту, оның бойында музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін екі мектепте 30 ұстаз барын салып еңбек етіп келеді. Ұстаздар дәстүрлі ән, домбыра, фортепиано, жетіген, актерлік шеберлік, хореография, гитара, баян, тележурналистика, вокал бағыты бойынша сабақ үйретеді.

– Осыдан бір ай бұрын қазақ дәстүрлі ән өнерінің насихатшылары, эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақат екі мектептің салтанатты ашылуын жасап, бір жылдық есеп беру концертімізді бердік. Жоғары деңгейде өткен концертке 500-дей оқушы қатысты. Айта кету керек, Зашағандағы мектеп студияда Монтессори технологиясы бойынша оқытатын орталық бар. Бүгінгі таңда жаңа оқу жылына бала қабылдау жүргізілуде. Орталыққа хабарласып, баласын оқытқысы келетін жандар аз емес. Алайда мұнда көңіл үшін деп, болмаса белгіленген ақыны төледі екен деп кез-келген баланы қабылдай бермейді. Арнайы шарты бар, – дейді мектеп басшысы.

«Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ» деген. Біз барғаннан-ақ  орталықтың мамандары балаларды жай ғана оқытып қоймай, теориялық білім берумен қатар, тәжірибемен негіздеп, ұштастырып отыратынын аңғардық. Бұған 50-ге жуық жас жеткіншек республикалық және халықаралық байқаулардан олжалы оралғаны дәлел.

«Қарақат» мектебінде оқу ақысы – айына 10-20 мың теңгені құрайды. Орталықта арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Егер бір отбасынан үш бала осы мектепте оқыса, үшіншісіне жеңілдік бар екен. Сондай-ақ бір бала үш бірдей үйірмеге қатысса, арнайы жеңілдік қарастырылған.

– Жылдың басында қаладағы әр мектепке бес сертификаттан таратамыз. Ол сертификаттар аз қамтылған, көпбалалы өнерлі отбасы балаларына беріледі. Осы балалар  бізде тегін оқиды. Мамырдың бірінен бастап Үкімет тарапынан спортқа, өнерге бейім балаларға тегін оқуға қолдау көрсетілуде. Біздің оқушылар бес жылдық оқу бағдарламасын меңгерген соң қолдарына сертификаттарын алады және осы құжатпен жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыра алады, – дейді бұл турасында Рысбек Даниярұлы.

«Қарақат» мектебінің алғашқы шәкірттері саналатын Арайлым, Алтынай, Айым Темірхандар бүгінде мектеп студиясында би ансамблі құрамында өнер көрсетіп жүр. Өнерлі балғындар қаладағы №42 мектеп-гимназиясының үздік оқушылары екен.

– Қыздарымды Оралда «Қарақат» мектебі ашылысымен  ойланбастан осында әкелдім. Мұнда оқып жатқанына бір жылдан асты, нәтиже жаман емес. Айына үшеуіне 40 мың теңге оқу ақысын төлеймін. Үшеуі де биге қатысады, кішісі Айым қосымша вокалға барады. Өткен жылы Алтынайым Ақтау қаласында өткен би байқауында лауреат атанса,   кішкентай Айым сол қалада өткен «Атадан мұра» байқауында вокалдан жүлделі орынға ие болды. «Мен де жұлдыз боламын» байқауында топ жарған Алтынай бишілер тобымен Түркияға жолдама ұтып алды, – деген жас дарындардың анасы Индира Қобыланова қыздарына үлкен мүмкіндік сыйлаған мектеп ұстаздарына дән риза.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
35 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
174 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
135 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
404 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
591 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
588 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1027 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1097 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1113 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1132 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1158 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1525 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1651 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1679 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1957 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1968 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2095 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»