8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2021 1692 0
Қоғам

АМАНАТТЫ ОРЫНДАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

БҚО-дағы облыстық және қалалық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссия төрағаларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалығымен өтті. Отырыста ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мен жиналған облыс және қала тұрғындарынан түскен аманаттарды қарастырып, алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламаның орындалу жоспарына кеңірек тоқталып, талқылау жүргізілді.

Кеңейтілген отырыста Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев облыстық және қалалық мәслихат депутаттарын тұрғындардан жиналған аманаттармен таныстырып, алдағы уақытта осы жиналған мәселелер бойынша халықпен бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Отырысқа шақырылған Орал қаласы әкімі А.Шыныбеков осы мәселелер бойынша өз пікірімен бөлісіп, әрі қарай өкілді және жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Аманаттардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдар мен тротуарларды жөндеу, электр жүйелерін жаңарту, жарық шамдар мен қоқыс контейнерлерін орнату, қаланың шеткі аумағында орналасқан шағын аудандарын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, ЖПИК (КСК, ОСИ) мәселелерінен құралды.
«Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталып, барлық деңгейдегі өздеріңіздің сайлау алдындағы уәделеріңізді орындап, халықпен бірлесе отырып жүзеге асыру керек. Қоғамның, халықтың игілігі үшін нақты мақсат міндеттерді іске асыру қажет екендігін басты назарға алуларыңыз керек», – деп жиынды облыстық мәслихат хатшысы қорытындылады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»