8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2020 1452 0
Қоғам

АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНА

Иә, Луара Батырғалиеваны Жайық жұрты алтын жүректі ана ретінде таниды. 2013 жылы үш баланы, 2016 жылы тағы үш жасөспірімді патронаттық тәрбиеге алған ол өткен жылы ғана тағы бір көкөрімді қанатының астына алды. Иә, ол өзгенің  баласын жат көрмей, әр түрлі отбасыдан шыққан жеті өренді бауырына басып, жүрегінің жылуын төгіп, отбасының құндылығын сездіріп отырған кеңпейіл жан. Балаларды қорғау күні қарсаңында патронат анамен тілдесіп, балалардың қазіргі жай-күйін білудің сәті түсті.

Тағдырдың сан қилы сынағымен ата-анасыз қалып, бейімдеу орталығына немесе  балалар үйіне түсіп, көңілдері түскен балғындардың жарым көңілдерін қайтадан қуанышқа бөлеп, мейірім нұрын төгіп, жылулық сыйлап отырған Луара ханымды қалай мақтасақ та жарасады. Қазір ол аяулы ана ғана емес, сүйікті әже атанып отыр.

Расында өзгенің баласына ана болу – екінің бірі бара бермейтін ерлік. Луараның бойындағы осы қасиетті оятқан, жәудіреген жетімдердің жұбанышы, қамқоршысы болуына ықпал еткен туыс әпкесі Роза Ақмамбетова еді. Апалы-сіңлілер қолына  алған алғашқы қыздар – Дана мен Әйгерім және солармен бірге  бейімдеу орталығында  болған Диана есімді төрт жасар бүлдіршін.

2016 жылы апалы-сіңлілі Роза мен Луара тағы да үш баланы құшағына алды. Олар –  Әсел, Камила, Ринат есімді ағайындылар болатын. Ал өткен жылдың  желтоқсанында патронаттыққа  алынған ұл-қыздардың қатарына Данияр есімді жеткіншек қосылды.

Осылайша, Роза мен Луара жеті жылдың ішінде  жеті баланы шаңырақтарына қабылдап, балғындарды бауырларына алған үлкен отбасыға айналды…

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №20 санынан оқи аласыздар. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»