«АЛТЫН» ДОЙБЫШЫЛАР
Батыс Қазақстан дойбышылары командасы Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз атанды. Бүгін №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығы мен мектеп ұжымы, спортшылардың ата-аналары дойбыдан ел чемпионатында жүлделі бірінші орын иеленген «Алтын» дойбышыларды Орал теміржол вокзалынан қошеметпен қарсылап алды.

21 – 31 наурыз күндері Шымкент қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында дойбы «64» бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Оған 11 облыстан 100-ден астам дойбышылар қатысқан.
Осы жарыста №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері негізін құрайтын БҚО спортшылары 18 алтын, 4 күміс, 3 қола медальды иеленды. Осылайша, жалпы командылық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орында Ақтөбе облысы алды.
Облыс спортшыларының жетістіктерін атап өтсек:
Блицтен – Тоғжан Тажибекова (16 жасқа дейінгі), Айбек Есенғалиев, Айгерім Жасқайратова (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Нұрасыл Ғабиден (8 жасқа дейінгі) – бірінші орын алды. Алтынай Саматова, Мадина Әділжанова, Әмірхан Наурыз (10 жасқа дейінгі) – екінші орын иемденді. Бекет Сабыржан (10 жасқа дейінгі) – үшінші орын алды.
Рапидтен: Айша Залмұқан (16 жасқа дейінгі), Әмірхан Наурыз, Амира Жұмағалиева (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Нұрасыл Ғабиден, Әсем Мұхит, Алтынай Саматова (8 жасқа дейінгі) – бірінші, Бекет Сабыржан (10 жасқа дейінгі) – үшінші орын алды.
Классикадан: Әлішер Болатов Тоғжан Тәжібекова (16жасқа дейінгі), Айбек Есенғалиев, Айгерім Жасқайратова (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Әсем Мұхит (8 жасқа дейінгі) – бірінші орын иемденді. Мадина Әділжанова (10 жасқа дейінгі) – екінші, Әділжан Темірзақ (10 жасқа дейінгі) – үшінші орын алды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
SARAP отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Кіру
Пікір үстеу