8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қаңтар 2021 1708 0
Өзек

ҚАЛТА ҰРЛЫҚШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

 18 қаңтарда Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел-іздестіру тобының жедел уәкілдері Орал қаласында 7 рет қалта ұрлығымен айналысқан азаматшаны құрықтады.

Ол қаңтардың сегізінен бастап, кешегі күнге дейін автобустардың ішінде жолаушылардың қалтасына қолын сұғып, ақша, әмияндар, банкомат карточкаларын, жеке бас құжаттарын, өзге де жеке мүліктерді ұрлаған. Оңай олжамен тапқан ақшаларды өз қажетіне жаратқан. Ал банкомат карточкаларын банкоматқа салып, ақшаларды суырып алып отырған. Гастролер азаматша Орал қаласына келіп, ұрлық жасауды кәсіпке айналдыруды көздеген. Ол екі апта бойы қалта ұрлығымен айналысқан. Әсіресе, қала орталығында қоғамдық көліктер ішінде ұрлық жасаған. Сол себепті, Абай полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай 7 эпизодпен қылмыстық іс қозғады. Эпизод қатары бұдан да көп болуы мүмкін. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын осындай қылмыстармен істі болып, жауапқа тартылғаны да анықталды.

Полицейлер қалта ұрлығының құрбаны болған тұрғындар болса, басқармаға хабарласуларын сұрайды.

zhaikuni.kz

*Сурет пен видеоүзінді Орал қаласы Полиция басқармасынан

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»