«АЛМАС ҚЫЛЫШ ОТ ПЕН СУДА ШЫНЫҒАДЫ»
Уақыт әркімге әртүрлі жерде, әртүрлі сәтте басталады. Айдар Тапашұлы үшін 1951 жылы 10 тамызда Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында басталды да кетті. Жылдар жылжып ағып, секундтар сырғып ағып айдарынан жел ескен жүйрік уақыт Айдар ағамызды төрт мезгілден 70 рет айналдырып «ақсақалдықтың» ауылынан бір-ақ шығарды.
Ақсақалдық жасқа әркім әрқалай сипатта жетеді. Өмірде көзбен көріп, көкірекке түйгені көп адам ғана абыройлы болмақ. Абыройды ешкім арқалап атасынан мұраға алып қалмайды. Тірліктің ащы-тұщысын қатар татып, ыстық-суығын бірдей кешіп, тағдырдың «қол астында» жүрсе де қолтаңбасын қалдырып үлгіргендер ғана құрметке лайық. Құрметке лайық тұлғаның бірі 70 жастағы кейіпкеріміз – «Жаңақала ауданының құрметті азаматы», «Бөкейордасы ауданының құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Батырханов Айдар Тапашұлы. Өйткені, ол кісіні өңіріміздің қай жеріне барса да алдынан абыройы қарсы алады.
Бала Айдарды әжесі алақанына салып, арқасынан түсірмей әспеттеп өсірді. Әлі күнге есінде қалған ертегілерді әжесінің аузынан естіген болатын. Ауыл ақсақалдарының да аңыз-әңгімелерін, шежіре-дастандарын жадына құйып алар «кәрі құлақ» бала болып ес жиды. «Естігенін ешқашан ұмытпайтын құлағының тесігі бар, естігенін ақылмен зерделейтін кеудесінің есігі бар» тұлға болып қалыптасудың іргетасы сол кездерде қаланса керек.
Нарын құмының етегінде дүние есігін ашқан зерделі бала мектеп есігін Жалпақтал ауданына қарасты Хайрош ауылында ашты. 1968 жылы Казталов ауданына қарасты Богатырев орта мектебін аяқтап, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына түседі. Аталмыш жоғарғы оқу орнын 1973 жылы зоотехник мамандығы бойынша тәмамдап, Тереңқұдық ауылында бөлімше зоотехнигі болып жұмысқа орналасады. Сол жылдың қараша айында көзi тiрiсiнде аты аңызға айналған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдалиевтің жолдамасымен көршілес Красный Партизан, қазiргi «Ақпәтер» кеңшарына бас зоотехник кызметiне ауыстырылады. Еңбектеген сәттен еңбектенген сәтке дейінгі өмір жолы осылай өрбиді.
Әрі қарай алғыр да, албырт жігіт елге қызмет етеді, ал уақыт оған қызмет етеді…
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2021 жылдың 12 тамызы күнгі №31 санынан оқи аласыздар.
Талғат Мықи,
Орал қаласы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу