8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2019 1924 0
Өзек

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАН 87 БОРЫШКЕР АНЫҚТАЛДЫ

БҚО Бөрлі ауданы прокуратурасы атқарушылық құжаттардың орындалуына талдау жүргізіп, алимент төлеуден қасақан жалтарған  87 борышкерді анықтады. Олардың жалпы берешегі 12 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлім етті. 

Прокуратура өкілдері хабарлағандай, алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 аудан тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 53 борышкерге шекарадан шығуға  уақытша тыйым салынып отыр.

  Сондай-ақ, 4 қарашада борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыспен қамту орталығында арнайы жәрмеңке өткізіліп, оған 20-дан астам мекеме өкілдері қатысты. Нәтижесінде  алименттен жалтарған 17 азаматқа жұмысқа орналасуға жолдамалар берілген.

  Осы жылы прокуратура мен сот орындаушылардың ұйымдастыруымен дәл осындай 2 жәрмеңке өткізіліп, 9 тұлға жұмысқа орналыстырылғанын атап өту керек. Мәселен, 1 млн. теңге қарызы бар борышкер Е. Бөрлі колледжіне жүргізуші ретінде, ал берешегі 2 миллион теңгеге жуық К. «Конденсат» компаниясына күзетші-инспектор ретінде жұмысқа қабылданған. Ал 2015 жылдан бері алимент төлемей келе жатқан Б. есімді Ақсай қаласы тұрғынына қатысты полиция ҚК-нің 139-бабы 1-бөлігімен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»