8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Тамыз 2019 1344 0
Өзек

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУ ҮШІН КӨЛІГІН ТУЫСҚАНДАРЫНЫҢ ҮЙІНЕ ЖАСЫРҒАН

БҚО Теректі ауданы прокуратурасының бастамасымен сот, әкімдік, полиция, жұмыспен қамту бөлімінің басшылары мен сот орындаушылары қатысқан ведомствоаралық кеңес өткізіліп, алимент өндіру туралы сот актілерін орындаудағы мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде сот орындаушыларда 391 атқару құжаты орындауда болғаны айтылды.

Аудан бойынша 247 борышкердің берешегі  «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 93-бабына сәйкес еңбекақысынан өндірілді. Барлығы 144 құжат бойынша берешек 21,1 млн. теңгені құрайды, сондай-ақ 11 өндіріс борышкерді іздеу салуға байланысты тоқтатылды.

Борышкерлерге қатысты аталған заңның 32-бабына сәйкес мүлкіне тыйым салу, банктік шоттарға инкассалық өкімдер шығару, шекарадан шығу құқығын шектеу, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату сияқты шаралар қабылданған. Мәселен, У. есімді борышкер екі баласының алдында 2,5 млн. теңге берешегі болған. Алайда, ол алименттен жалтарып, өзінің «Volkswagen 35 i» автокөлігін Подстепный ауылындағы туысының үйіне жасырып қойған.

Қабылданған шаралар арқылы көлік табылып, алынды. Қазір көлік сауда-саттыққа шығарылды.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға бес тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалды.

Тек прокурордың алиментті төлемегені үшін Қылмыстық Кодекстің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертуден кейін ғана, азамат Н. жалпы сомасы 353 мың. теңге болатын алиментті бірден төледі.

Аудан прокуроры Равиль Мажитов кеңесті қорытындылай келе, сот актілерін дер кезінде орындауға бағытталған және осы салада сот орындаушылардың, полицияның, уәкілетті органдардың өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру туралы тапсырмалар берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
197 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
465 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
706 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
738 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
893 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1089 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1326 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1409 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1515 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1527 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1555 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1562 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1665 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1883 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2193 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2079 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2191 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»