Алик Шпекбаев Түркия Елшісімен кездесті
10 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

Түркия елшісі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ілгерілмелі қозғалысты атап өтті, екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына баса назар аударды.
«Біз Қазақстанның қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Тәуелсіздік алған сәттен бастап аз уақыт ішінде Қазақстан тиімді мемлекеттік аппарат құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасында тығыз сауда-экономикалық қатынастар жолға қойылған. Біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз соңғы 15 жылда $3,5 миллиардқа жетті. Біз екі ел арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз», – деп атап өтті Елші мырза.
Түрік дипломаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және электрондық үкіметті енгізу саласындағы Қазақстанның оң жетістіктерін ерекше атап өтті.
«Қазақстан сервистік мемлекетті құруда серпіліс жасап, электрондық үкіметті енгізу мен дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну процестерін жетілдіру бөлігінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – деді Елші мырза.
Өз кезегінде Агенттік Төрағасы Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын ерекше атап өтті.
«Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас өзара достықта, бауырластық пен сенімде негізделген. Біздің есігіміз инвесторлар үшін ашық. Барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, біз кәсіпкерлер мен инвесторларды төрешілдіктен және олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауға барынша жәрдемдесетін боламыз», – деді А. Шпекбаев.
Агенттік басшысы инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаның жұмысы туралы айтып берді.
Елші мырза Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан түрік бизнесмендерінің инвестициялық жобалары туралы айтып, Агенттіктің осы бағыттағы қызметіне ерекше қызығушылық білдірді.
«Олардың одан әрі дамуы серіктестердің тарапынан бизнесті адал жүргізумен тікелей байланысты болады», – деп атап өтті ол.
Кездесу қорытындысы бойынша Невзат Уянык Агенттік басшысына көрсетілген қабылдау үшін алғысын білдіріп, жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу