АЛИК ШПЕКБАЕВ: «ЕҢ БАСТЫСЫ – НИЕТ ПЕН ЕРІК»

«Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік – тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары».
Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.
Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы – ниет пен ерік.
Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа челлендждің басы болар.
Біз әзірлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндік береді.
Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған Protecting Business and Investments жоба шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.
Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда.
Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтеміз.
Адал қоғамды құру шағын істерден басталады. Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды. Жарты жылдың өзінде «Адалдық дүкені» орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттік органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тіпті полицияда. Сатып алушыларға кедергісіз қызмет көрсетуді ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желілерінің біздің идеямызды қолдауы қуантады. Әрине сіздер Алматы метросындағы адалдық турникеті туралы да естіген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе түсуде.
Оң өзгерістер, сіздер көріп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен іс-шаралар ауқымды емес көрінуі мүмкін, алайда бірге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетін пазлды құрайды.
Біздің барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге бағытталған.
Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасын Adaldyq alańy жүзеге асырудамыз. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу