8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2019 2392 0
Өзек

ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАП ЖИНАУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕР

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасында жылына 5-6 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзіледі екен. Бұл қалдықтар адамдардың саулығы мен экологияға зиянды әсер тигізетіні белгілі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасында пластмасса, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын көмуге заңмен тыйым салынды.  Бұл заңнама бүгінгі күннің талабынан – табиғатты қорғау, келешек ұрпаққа  әлдеқайда таза қоршаған ортаны қалдыру қажеттіліген туындап отыр. Сондықтан қоғамнан бұл істе мүмкіндігінше азаматтық белсенділік таныту күтіледі және құпталады.  

Өнеркәсіп қоқыстарын бөлектеп жинауды ендіру кәсіпорынның қалдықтары қандай классқа жататынын анықтау, оқшаулануы тиіс қоқысты текшелейтін ғимарат не алаңша ұсыну, жиналатын қоқыстың көлеміне сай контейнерлер табу, қоқысты бірден жинақталатын жерде өңдейтін стационар аппараттарға қажеттікті анықтау, қоқыстарды бөлектеп жинайтын контейнерлер тиісті түске боялуы, олардың қандай қоқысқа арналғанын көрсететін тақтайшалары болуы міндеттілігі және қызметкерлерге оқтын-оқтын нұсқаулықтар өткізіп, олардың орындалуын тексеріп тұру қажеттілігі сынды шаралардан тұрады.

Қоқыстарды бөлектеп жинау бірнеше түйткілдің шешімін таба алады. Нақтырақ айтқанда, коммуналдық қоқыстардың мәселесін шешеді және жаңа үйінділердің пайда болу мүмкіндігін азайтады. Қалпына келмейтін пайдалы ресурстарды (мұнай) үнемдейді. Сұрыптаудың арқасында қоқыстардың 80 пайызын қайта өңдеуге болады. Өндіріс қалдықтарының экосистемаға зиянын тоқтатады. Экологиялық ахуалды және тұрғындардың саулығын жақсартады. Қоқыстарды көму мен өртеуге кететін шығындарды азайтады.

Біздің облыста «БатысЭкоТранс» ЖШС, «Дала-Экос» ЖШС, «ТуранПромРесурс» ЖШС, «Фосстис XXI» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Куксова Е.М, Жеке кәсіпкер «Борисов Д.Г.», «Орал таза сервис» ЖШС, Жеке кәсіпкер «ВТС Уральск», «Ecosert» ЖШС, «KazbatisService» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Пункт приема вторсырья» сынды мекемелермен қалдықтарды шығару және қайта өңдеу бойынша меморандум жасалған. Орал қаласындағы ұйымдардың контейнер орнатуға мұқтаждығын талдау нәтижесінде анықталғандай, «Орал Таза сервис» ЖШС-ның бағалауынша қалада орнатылған 2500 контейнеріне қосымша тағы да 1500 контейнер керек.  Орта есеппен алғанда контейнер паркін 20-30%-ға жаңарту қажет.  2019 жылы қосымша 370 контейнер орнатылды. Ескі үлгідегі контейнерлер 50 000 теңге,  ал жаңа үлгдідегілері 150 000 теңге тұрады.

Мемлекеттік органдардың қағаз қалдықтарын жинау үшін 100 дана картонконтейнер сатып алу  мәселесі көтеріліп, қазіргі шақта контейнердің көлемі, дизайны тапсырыс берушілермен талқыланып, келісіліп жатыр. Қазір таңда 3 мектеппен меморандум жасалып, картон контейнелер орнатылуына қол жеткізілді. «№ 46орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 30 дана, «№1 орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 30 дана, «№38 орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 20 дана картон контейнер орнатуда.

 

Контейнерлер орнатылған жерде төмендегі мазмұндағы ақпарат плакатары ілінді:

Мекеме-ұйымдардың мамандары мен техникалық қызметкерлері үшін оқыту тренингтері жүргізілді.  Әуелі тапсырыс беруші тренингтердің кестесі мен бағдарламасын жасап, бекітті. Барлығы 10 мекемеде тренинг өткізілді.

№22 ЖББМ, №31 ЖББМ, №24 ЖББМ, №36 ЖББМ, №25 ЖББМ, № 1 ЖББМ, № 32 ЖББМ, №13 ЖББМ, №2 ЖББМ ,  «Kaz Batуs Serviсe» ЖШС.  Тренингпен жалпы 157адам қамтылды, оларға оқығаны туралы арнайы сертификат берілді. Барлығы 157 сертификат табыс етілді.

Тұрғындарды жоба және қалдықтарды бөлектеп жинау туралы ақпараттандыру үшін жергілікті баспасөз ұйымдарымен байланыс орнатылды.  Жеке кәсіпкер Әлішер Ғұмар «Балалар мен жастар шығармашылығы және экология облыстық орталығы», «Евразия» және «Самал» туристтік базасының аумағында жоғарыдан видео және фототүсірілімдер, олардың монтажы мен көрсетілімдері  жүзеге асырды.

Орал қаласының кіреберісінде – «ОРАЛ» жазбасы орналасқан аумақта сенбілік жүргізіліп, 2  текшеметр қатты тұрмыстық қалдық жиналды.

Қ.Бинкузинов  «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының менеджері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
90 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
129 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
143 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
154 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
230 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
227 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
233 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
319 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
572 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
763 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
893 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
904 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
979 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1381 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1399 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1476 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1563 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1770 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1768 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»