8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2019 2819 0
Өзек

АЛДАНҒАН КӨРЕРМЕН АЙГҮЛГЕ ӨКПЕЛІ (видео)

Бүгін, 26 ақпан күні сағат 15.00-де Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында А.Иманбаеваның «А.И.Театрының»  «Менің әйелім өтірікші» атты комедиясы сахналануы тиіс еді. Өкінішке орай, аталмыш комедия сағат үште болмай қалды. Түкке түсінбеген көрермендер алдын-ала сатып алған билеттерін қолдарына ұстаған күйі шыныменде кімнің өтірікші екенін білмей дал болды. Дәл қазіргі таңда  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-актриса Айгүл Иманбаева  Батыс Қазақстан облысында шығармашылық сапармен жүрген болатын.   

   

Мәселенің мән-жайын тарқатып  айтайық. Сағат тілі үшке таяғанда ақпанның көз аштырмай бұрқасындатқан ақ боранына, өңменіңнен өткен желіне қарамастан көрермен қауым театрға келе бастады. Іштерінде сәбиін сүйреткен жас аналар да болды.  Қой мінезді, жуастау халықпыз ғой… Көрерменнің кейбірі ашуға булықса да үнсіз шығып бара жатты. Ал, енді бірі өзін  А.Иманбаеваның  әкімгерінің  жағасына жармасты. Өкпе-реніштерін жайып салды. Бұл жерде біздің түсінігімізше, сағат үштегі билеттер кассада өтпей қалған. Сосын, «алданған» көрерменнің  басын қосып, қойылымды сағат 19.00-де біржола  ұсынамыз  деп шешсе керек. Осы сәтте дәлізде өзін Жазирамын деп таныстырған А.Иманбаеваның әкімгері:

– Осы жақтың директоры Қуаныш ағай бізге отмена жасады. Біз бір ай бұрын арендаға алған едік.  Біздің орнымызға сағат беске концертті қойып қойған. Сосын біз үштегі қойылымды отмена жасадық. Кассадан сіздер ғана алғансыңыз. Басқа ешкім алмаған. Осы билеттеріңізбен келсеңіздер, кешкі 7-де кіргіземін, – деді.

Бұл жайттың анығын білмек болып, «Ел-жұртты тентіретіп, әбігерге салып не болды?» деп телефон шалдық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықовқа.

– Өтірік айтады, түстегі концертіне тек алты билет сатылған. Сол үшін отмена жасаған ғой. Кінәлі адам табу керек қой, сосын мені итере салған. Мен бір тиын алған жоқпын бұлардан. Тегін концерт қойып жатыр. Себебі деген, Айгүл біздің елдің қызы. Облысқа хат жазған ғой. Сосын рұқсат берген. Мен жақсы дедім.  Театр іші бос тұр. Жарықтар жанып тұр. Бір сағаттық қойылымды қоюға болатын еді үште де. Мен бұл жағын білмеймін. Менің  қатысым жоқ, – деп ақталды  Қуаныш Сайлауұлы. Бұдан соң облыстық мәдениет басқармасының  басшылығына қоңырау шалдық. Басқармадағылар  театрдың алдына арнайы бір кісіні қоятындарын, ол келген халыққа Қайраттың концерті жайлы жөн сілтейтінін айтты.

Қайратты іздеп сабылды

Дәл осы күні кешкі сағат 18.00-де Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында алты алашқа есімі мәшһүр, дәстүрлі халық әндерінің шебер орындаушысы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, бірнеше конкурстардың лауреаты  Қайрат Кәкімовтің  де  «Әсем әні асқақтап»  атты  жеке шығармашылық концерті  өтетін. Алайда, кімнің  зияны тигені белгісіз, Қайраттың концерті аяқ астынан «Нұр Отан» партиясы ғимаратының залына ауыстырылды.  Сал Мұхит бабамыз бен Ғарифолла атамыздың өнердегі ізін  жалғаған  халықтың  сүйікті  ұлы Қайрат  Кәкімовті  кім білмейді?! Қайратты сағына іздеп сабылған көрермен қауым әуелі Х.Бөкеева атындағы театрды жағалап, «Қайдасың, Қайрат?» деп партия ғимаратына бара жатты.  Өйткені, тағы да әлеуметтік желілерде, ешқайда Қ.Кәкімовтің концертінің орны ауысқаны жайлы ұйымдастырушылар ақпарат  таратпады.  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның сыртқы қабырғасында Қайраттың концерті жайлы бәлен күн бұрын ілінген афиша сол күйі қарап тұрды.

Жарайды, осылай-ақ болсын. Дегенмен, бір күннің ішінде, жұмыс аптасының  сейсенбісінде, яғни тапа-тал түсте және кешкі жетіде (15.00-19.00) «Менің әйелім өтірікші» атты комедияны екі қайтара қоюдың  не қажеті бар еді?! Екіншіден, жерлесіміз әрі дәстүрлі әнші Қайрат Кәкімовтің де концерті дәл осы театрда өтетін болғандықтан, бірнеше апта бұрын Қайраттың  афишасы Орал қаласының  көрнекті көшелерінде бадырайып  тұрғандықтан, БҚО мәдениет басқармасы, театр әкімшілігі, ұйымдастырушылар  екі шараны бір күнге қабаттастырмай, алдын-ала  мәселенің  ақ-қарасын шешіп алуы тиіс еді ғой?!  Сайып келгенде мұның өзі  көрерменнің  алтын уақытын  ұрлау, қарапайым халықпен санаспау және жауапкершіліктің жоқтығы емес пе?!

ТҮЙІН: Сонымен, «Даудың басы «А. И. Театрының»   түскі үште болмай қалған шарасынан басталды-ау.  Осы жөнінде өз аузынан бір-екі ауыз сөз жазып алмақ ниетте едік. «Ұрының арты қуыс» дегендей, мойнына жауапкершілікті алғысы келмеген әнші-актриса  әкімгері мен тілшіні қоса айыптады. «Хан да халықпен санасады» дегендей, көңілі құлазыған  көрермен «Қарапайым ел-жұрттан үлкен ешкім жоқ қой. Алақанға аялап ұстап, тілеуін тілеп жүретін халқын алдағаны несі, комедиясын уақытында қоймағаны несі, билетін сатып, өтірік айтқаны несі?! Әлде, Иманбаевадан да иман кеткен бе?!» деген күпті көңілмен кетіп бара жатты.

                                                                                                          «ЖАЙЫҚ ҮНІ»

 

9video-26-02-19-06-30 (1)

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
188 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
374 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
625 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
704 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
808 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
816 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
837 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
853 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
952 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1178 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1493 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1377 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1483 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1475 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1605 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1650 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1595 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1605 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1713 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2169 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»