ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Жазушылар Одағы БҚО филиалының ұйымдастыруымен өңірдегі қаламгерлердің басын қосқан жылды қорытындылау жиыны өтті. Шараға облыс әкімі С.Егізбаев, қала әкімі А.Шыныбеков және Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары М.Құлкенов қатысты.

Басқосуды Қазақстан Жазушылар Одағының БҚО филиалының директоры, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының басшысы Бауыржан Халиолла ашып, үш ай бұрын ғана ресми түрде тіркелген одақ филиалының атқарар жұмысы ауқымды екенін атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев өңірдегі филиалдың жұмысын жандандыруға облыс әкімшілігі қолдау көрсететінін жеткізді.
Қала басшысы Абат Шыныбеков ағымдағы жылдың қиын кезең болғанымен, айтулы даталармен есте қалар жыл болғанын, әдебиеттегі ұлы тұлғалардың есімдерін халық жадында жаңғырту, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында қалада ауқымды жұмыстар атқарылғанын атады.
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасының орынбасары, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері М.Құлкенов батысқазақстандық филиалдың үш ай ішіндегі атқарған жұмысы көңіл толарлық екенін, бастамасы оң екенін атап өтті. Сонымен қатар жуырда халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілгенін және оған әр жазушының өзі өтінішпен хабарласқанын тілге тиек етіп, облыстық филиал басшылығы осындай жұмысты ұйымдастыруы тиіс екенін ескертті.
Шарада Ш.Қыдырниязова, Т.Жазықбай, Т.Әліпқали, З.Сисенғали, Ұ.Сәриева, Ү.Елеубаева, С.Бисенғалев, Т.Қуаныш, Е.Бимұханов, М.Бердәліге БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің Алғыс хаты, Н.Сәдір, Қ.Амандықов, Н.Кәрімова, А.Қаршығаұлына облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаевтың Алғыс хаты табысталса, А.Нәріков, А.Бақтыгереева, Ғ.Сейтақ, М.Шүйіншәлиева, Б.Ғұбайдуллин, А.Шахин, Д.Мұштанова, А.Бектұрғанов, М.Балмолда Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің Алғыс хатымен марапатталды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» мерейтойлық медалі Ғ.Сейтақтың, Т.Мықидың, Д.Есентеміровтың, Е.Өмірәлінің, Ж.Мусинаның және Б.Ширмединұлының кеудесіне тағылды. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріковтің 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Ақ Жайықтың Айтқалиы» атты жыр мүшәйрасының бас жүлдесі жас ақын М.Ғилымханға берілді.
Сондай-ақ бірқатар белгілі ақын-жазушылар мен әдебиет әлеміне есімі таныс жастарға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен Құрмет грамотасы, «Абай» қорының, БҚО мәдениет басқармасының алғыс хаттары ұсынылды.
Ұ.Сәриева, Қ.Қабжанов, Т.Қуаныш, Т.Мықи, А.Исламғалиев сынды қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, куәліктері ресми түрде табыс етілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу