8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2021 1737 0
Қоғам

ҚАЛАМГЕРЛЕР – ҰЛТ РУХЫНЫҢ ШЫРАҚШЫЛАРЫ

Еліміздегі көне  кітапханалардың бірі Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының құрылғанына 150 жыл толды. Өткен аптада кітапхананың  айтулы  мерейтойы түрлі шаралармен айшықталып, атап өтілді. Шаралар «Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің мерейтой қонақтары мен кітапханашыларды қабылдауымен басталды. 

Бұдан соң өңірдің  қаламгерлері мен еліміздің әр түкпірінен келген кітапханашылар ашық сұхбат алаңында бас қосты. «Атамекен» өнер ордасының конференция залында өткен шарада кітапханалардың қоғамдағы рөлі, әдебиеттің жай-күйі мен ақын-жазушылардың шығармаларының насихатталуы туралы ой-пікірлер қозғалды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Үмітхан Мұңалбаева ақпараттық технология кітаптың орнын баса алмайтынын, әр заманда кітап оқылатынын қадап айтып, сұхбат алаңын ашты. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, мәдениет саласының үздігі, кітапханалық одақтың төрайымы Бақытжамал Оспанова жаһандану кезеңіндегі мәдениет пен әдебиеттің насихатталуы, жас ұрпақты кітап оқуға баулу туралы пікірін ортаға салды. Бұл ретте әр кітапханада оқырмандар үшін жайлы жағдай  ұйымдастырылып, ғаламтор қолжетімділігі де қамтамасыз етіліп отырғанын, үйден отырып-ақ кітаптарды электронды түрде оқу мүмкіндігі ұсынылатынын және жобалардың  жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Орта  мектепті аяқтаған соң, еңбек жолын кітапханашылықтан бастаған Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Айтқали Нәркіов кітапхананың өз өміріндегі айрықша рөлі туралы ой бөлісті. Өңірдегі қаламгерлер Амангелді  Шахин, мен Закария Сисенғали Тәуелсіздіктің арқасында төл қаламгерлерімізді, олардың еңбектерін насихаттауға жол ашылғанын атады. Сонымен қатар Закария Жүсіпқалиұлы осы шара аясында Жамбыл облысының кітапханасы көрмеде таныстырған 110 томдыққа тоқталып, үлгі  боларлық игі  бастама екенін жеткізді.

– Жамбыл елі қолына қалам ұстаған жерлес қаламгерлерінің шығармаларын жарыққа шығарған. 110 кітап. Тағы 30-ы дайындалуда екен. Бұл – байлық қой. Осы басқосу бір-бірімізден үйрену үшін, жақсы істен үлгі алу үшін өткізілуде. Тараздықтардың осындай керемет бастамасы бізге де жұғысты болғай. Жинақ шығарылатын болса, бізден де 100-ден астам кітап шығары кәміл, – деді ақын Закария Сисенғали.

Атырау облыстық Ғабдол Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана директоры Сара Ізмұхамбетова іргелес орналасқан қос өңірдің мәдени-әдеби байланысына тоқталды. Қай аумақтағы болмасын руханият ордасының мамандары ұйымдасып жұмыс жасап келе жатқанын атап өтіп, биыл басты бағыт Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналғанына тоқталды.

– Кітапханалар ақын-жазушылармен қатар мемлекеттік мекемелер, оқу орындарымен, әскери бөлімдер және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайды. Міндетіміз – рухани білім беру, руханиятты насихаттау, кітап арқылы мәдениетті көтеру. Кейінгі уақытта пандемияға байланысты шаралар онлайн ұйымдастырылды. Соның ішінде еліміздегі әр өңірдің кітапханаларымен тәжірибе алмасу, оқырмандармен жұмыс жасаудағы жұмыстарымызбен бөлісу мақсатында жиі тікелей байланыста болдық. Кітапты насихаттауда түрлі шаралар өтті, ақын-жазушылармен онлайн кездесулер ұйымдастырылды. ТМД елдерімен де қоян-қолтық жұмыс жасадық. Ел азаматтарына кітап руханияттың  құралы екенін көрсете алдық. Ал карантиннің жеңілдетілуімен кітапханаларымызда оқырмандар көбейді, – деді Сара Салахатдинқызы.

Ақын-ұстаз Дариға Мұштанова өз сөзін алтын бастау, рухани қазынаға шөлдеп келген адам үшін қасиетті жер  – кітапхана екенін айтып бастады. Кітаптың әрдайым оқылатынын бірақ, оның сапасы әр кез, әр заманның, әр дәуірдің жазушыларынан үлкен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

– Сувенир кітаптардың  кесірінен кітапханалардың беделі кетіп қала ма деп қорқамын. Оқырманның қолынан оқырманға өтіп, тоз-тоз болып жүретін кітаптар болса екен деймін. Оны біздің ұрпақ оқуы керек. Ал ондай сапалы кітаптардың болуы үшін қаламгерлердің де жағдайлары  жасалуы керек. Ондай байланыс бізде бар. Кітапханамыз қаламгерлермен жақсы жұмыс жасайды, туысқандардай тығыз қарым-қатынастамыз. Кітабымызды өткізуді, насихаттауды істерімен дәлелдеп жүрген жандар. Қамқорлап жүреді. Кітапханашылардың парасаттарынан менің қаламым нәр алады, – деген Дариға Ғазезқызы.

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана жанынан жұмысын бастаған «Парасат» қоғамының жетекшісі, ақын Үзілдік Елеубайқызы  білім беру, тәрбие жұмысына Жұбан шығармашылығын енгізудің маңыздылығын атаса, ақын, «Ақ берен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш балалар әдебиетін дамыту, осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар туралы айта келіп, балалар әдебиетіне мемлекеттік қолдаудың қажеттігін көтерді.  Жазушы Мира Шүйіншәлиева кітапханашылардың асыл қазынаны сақтау, дәріптеудегі жанкешті еңбектеріне  басын иіп, алғысын жеткізді.

– Індетке  қарамастан, Шолпан Қуанышқалиқызы бастаған Жұбан кітапханасының ұжымы азаматтарды рухани азықпен қамтамасыз етуде, кітаптарды насихаттауда үздіксіз жұмыс жасап келеді. Беларуссияның Минск қаласындағы көрмеге өңір жазушыларының еңбектерін апарды. Соның  ішінде менің де «Өкінішім» Беларусь халқының кітапсүйер оқырмандарына таныстырылды. Ауылдан – сонау Бисеннен шыққан шынашақтай менің осы кітабымның Беларуссияның төрінде  тұрғанына мен өзімді бақытты жазушы сезіндім. Бұл сіздердің арқаларыңыз, сіздердің еңбектеріңіз,  – деді Мира Хамзақызы. Сонымен қатар Павлодар және Атырау облыстарындағы оқымандардың сұрауымен қос өңірдің кітапханасына мемлекеттік тапсырыспен шыққан «Өкініш» кітабын табыстады.

Рухани қазына құндылығын дәріптеу мәселесі кеңінен қозғалған жиында мәртебелі меймандар Үмітхан Мұңалбаева мен Бақытжамал Оспанова ұлт рухын көтеріп жүрген өңірдің аға буын өкілдеріне, қаламгерлерге құрметтерін көрсетті.  Айтқали Нәріков, Сағынтай Бисенғалиев, Дариға Мұштанова, Үзілдік Елеубаева, Мира Хамзақызы мен Аманкелді Шахинге сый-сыяпаттарын ұсынды. Иықтарына шапан жауып, 1928-1934 жылдарды қамтыған «Ашаршылық. Деректі хроника» аталатын 3 томдық еңбек пен гүл шоғын тарту етті. Сонымен қатар осы жиында кітапханашылардың бір ауыздан келісімімен Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Қуанышқалиқызына «Жыл кітапханашысы» атағы берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
234 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
326 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
327 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
372 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
382 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
882 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
916 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1190 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1199 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1329 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1627 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1725 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1750 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1959 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2234 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»