8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2021 2013 0
Өзек

«ЖИҺАЗ ШЕБЕРІ» САН СОҚТЫРДЫ

Жиһаз жасап беруді уәде етіп, алдын ала ақшаны иеменіп алып, қарапайым тұрғындарды сан соқтырып жүрген алаяқтар аз емес.  Жуырда ғана үйіндегі жиһаздарды жаңартпақшы болған Орал қаласының тұрғыны сол алаяқтардың  бірінің  құрығына  түсіп қалған. 

Орал қаласы «Астана» шағынауданында  тұратын 1976 жылғы Л. есімді  азаматша жиһаз жасатпақ болады. Оның тапсырысын орындауды  1970 жылғы С. есімді  азамат мойнына алған. Әрі ол ас үй жиһазымен қатар бөлмелердің де жиһаздарын жасап беретінін айтқан. Осылайша, тапсырыс берушіден қаражатты алдын ала сұрап алады. Азаматша Л. оған сенгендіктен, 600 мың теңгені қолына ұстата салған.

Дегенмен, уәделі  мерзім жеткенімен, «жиһаз шебері» тапсырысты әкелмеген. Күте-күте  төзімі қалмаған азаматша полицияға шағымданады.

Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бұл келіншектен тапсырыс алған 1970 жылғы С. есімді күдіктіні құрықтады. Тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бұл күдіктінің қасында 1979 жылғы М. есімді  Атырау қаласының тұрғыны болған көрінеді. Қазір полиция осы күдіктінің  ұстау іс-шараларын жүргізуде.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»