АЛАЯҚ ӘЙЕЛ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗЫП КЕТТІ
«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты» дегенге сай келетін мына бір жағдай Орал қаласында орын алады. Қолындағы бар жиған-тергенін алаяқ әйелге санап берген тұрғындар үй де жоқ, ақша жоқ болып, сандарын соғып қала береді.

Орал қаласында кепілдікте тұрған арзан пәтерлерді алып беремін деп алдаған әйел қолға түсті. Ол бір-екі бөлмелі пәтерлерді 2-5 миллион теңгеге бағаласа, екі-үш бөлмелі пәтерлер үшін 5-7 миллион теңге айналасындағы бағаны сұраған. Бұл дегенің нарықтағы бағадан екі, үш есеге арзан баға. Оған мұндай жетістікке жетуіне кезекті «пирамида» жүйесі көмекке келсе керек. Тұрғын үйдің кілтін алмастан, адамдар бірі туысқанына айтып, бірі дос-жарандарына жеткізіп, шақыра бастайды. Тіпті, алданып, бармақ тістеп қалғандардың бірі 7,2 миллион теңге ақшасынан айырылып қалады. Айлакер банкте кепілдікте тұрған арзан бағадағы пәтерді алып беру мүмкіндігі барын айтып, әйелдің қолындағы жиған-тергенін сыпырып алып, тақырға отырғызып кетеді.
Осылайша жекеменшік баспанасы болғанын армандағандардың саны 20-ға жетіп жығылады. Әлі де арыз түсіріп жатырғандар да бар. Алданғандардың қатарына зейнеткерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер де кіреді. Олардың ең азы 500 мың теңге берсе, ең көбі 7,2 миллион теңге сомасын құрайды.
«Адам айласы ішінде» деп текке айтпаса керек. Алаяқ әйел жалға пәтер алып, пәтер алушыларға бұл пәтердің кепілдікте тұрғанын және оны алып беруге мүмкіндігі барын айтып көздерін жеткізеді. Тіпті пәтерді көрместен, құр суреттерін көріп қана ақшаларын санап бергендер де жоқ емес.
Бұл факті бойынша Орал қалалық полиция басқармасының бастығының орынбасары М.Төребек: «- Бізге арыз түсірушілердің кейбірі жылдап күткен. Алаяқ әйел олармен үнемі байланысқа шығып, құжат толтыруда белгілі бір қиындық туғанын айтып, әйтеуір қол жеткізетінін айтып сендіріп келген. Қазіргі уақытта аталған 36 жасар әйелге қатысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті азаматша тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол бұған дейін алаяқтық қылмысы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған» – дейді полиция подполковнигі.
Зардап шекендер ақшаларын қайтарып беруін сұрап, тұрғын үй сатып алуларын қалайды. Алайда күдікті азаматша ақшасы жоғын айтып ақталуда. Алаяқ әйел зардап шегушілердің 54 миллион 450 мың теңгеге жуық ақшасын қайтарып беруі тиіс. Бірақ оның бұл қаржыны қалай, қашан қайтаратыны белгісіз.
Бұл ретте құқық қорғау органдары мынадай ақыл-кеңестер береді: Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде барлық операцияларды, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды қарызға алуды тек нотариус арқылы рәсімдеңіз. Келісімшарттың барлық тармақтарын мұқият оқыңыз. Келісімнің барлық ережелерімен келіскенше және түсінікті болғанша ешқайда қол қоймаңыз. Сізге түсініксіз болса түсіндіруді өтініңіз. Егер де келісімшартың қандай да бір тармағы жазбаша көрсетілмесе, тек ауызша болса, онда сізді алдау әрекеттері жүзеге асып жатқанын түсінуіңіз керек. Әрқашанда компанияның мекенжайын, телефонын және басқа да байланыс түрлерін нақтылаңыз, ол туралы интернет ресурстары арқылы анықтама алуға тырысыңыз. Иә, алаяқтың арбауына түсіп, жиған дүние мүлкіңізден бір күннің ішінде айрылып қалғыңыз келмесе құқық қорғау органдарының жоғарыдағы ақыл-кеңесіне құлақ асқан жөн.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу