8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 1668 0
Өзек

ҚАЛА КӨРКІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРГЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС КҮШЕЙЕДІ

 Қаланы абаттандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің тапсырмасына сай құрылған 20 мониторинг топ шаһар келбетінің көркіне нұқсан келтірушілермен түсінік жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай бастаған топ мүшелері учаскелік инспекторамен бірге облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ауданы бойынша Свердлов, Чуйков көшелеріне барлау жүргізді. Құм, тас сынды құрылыс материалдарын немесе тұрмыстық қалдықтарды көше бойына қалдырғандар топ назарына ілігіп, үй иелеріне белгілі мерзімге дейін тазалау және үй маңын абаттандыру жөнінде ескерту жасалды. Мәселен, Чуйков көшесінде жолға таяу шығарылған қалдықтар мен бұзылған жемістер жатыр. Бұл қалдықтарды шығарған осы көшедегі №20 үйдің егесі екені анықталды. Үй иесі Игорьдың айтуынша, қоқыс жинаушыларға осы жерден тиеп жіберуді әдетке айналдырған екен. Дегенмен, монторинг топ өкілдерінің ескертуінің орынды екенін түсінген ол сол күні-ақ қалдықтарды тазалауға уәде берді.

–  Мониторингтік топтың екі аптадағы жұмысы барысында 1 500-ден астам ескерту берілді. Үй иелеріне жеке тұрғын үй секторларының, көпқабатты тұрғын үй аулаларының маңын күл-қоқыстан, қалдық құрылыс материалдарынан тазартуға қатысты қысқа және орташа мерзімді ескертулер жасалуда. Сондай-ақ қазір 20 аумақ бойынша жиналған мәселелерді бағыт бойынша бөліп, талапқа сай абаттандыру үшін әр коммуналдық мекемеге жұмыстар жүктеп отырмыз. Бұлар – тротуар салу, жарықтандыру және басқа да күрделі жөндеуді қажет ететін жұмыстар, – дейді қала әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы.

Мониторинг топ өкілдерінің бақылау жүргізуі кезінде Восточный көшесінде бірнеше күннен бері істен шығып, иесіз тұрған көлік арнайы эвакуатор көлігіне тиеліп, айып тұрағына жөнелтілді. Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полиция лейтенанты Нұржан Гумировтың мәліметінше, екі апта ішінде қала ішінде 12 жерден дәл осындай ұзақ уақыттан бері тұрып қалған ескі көліктер анықталған.

– Иесіз қалған көліктер арнайы автотұраққа қойылып, тиісті шаралар қолданылатын болады. Егер көлік иесі ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде белгілінген заңнаманы бұзған болса, тиісті әкімшілік айыппұлдар толтырылады. Сонымен қатар бұған дейін бұл көліктің қатысуымен болған заңбұзушылықтар тексеріліп, айыппұлдар толық өтелгеннен кейін ғана көлік иесіне қайтарылады, –  дейді полиция лейтенанты Нұржан Ғарифоллаұлы.

Депутаттар, қалалық құрылымдық бөлім басшылары мен еріктілерден құралған мониторингтік топтардың жұмысы өздеріне бекітілген аумақ бойынша жалғасатын болады. Ескертуді ескермегендер қала көркін бүлдіріп, абаттандыру ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалайтын болады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
169 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
208 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
373 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
565 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
807 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
886 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
994 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1001 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1027 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1038 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1361 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1679 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1561 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1670 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1661 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1791 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1836 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1780 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1790 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»