«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР 10 КҮН БОЙЫ ӨТЕДІ
«Қала күні» мерекесін барлық қала тұрғындары сезінуі тиіс. Сондықтан шаһардың барлық аймағында мерекеге орай түрлі ойын-сауық және спорттық шаралар өтетін болады.
«Қала күнінің» мерекелік логотипі қаланың табиғи тазалығын бейнелейтін жапырақ бейнесінде. Сол жағындағы көк түс және үш сызық қаланы қоршап аққан үш өзен. Оң жағындағы жасыл түс – қаланы қоршаған орман-тоғайды, жасыл желекті бейнелейді. Ал ою-өрнек ұлттық өнердің ордасы екенін көрсетеді. Сонымен қатар логотиптің ортасында шаһардың басты нышанына айналған стелла мұнарасы бейнеленген. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, қонақтарға мерекелік логотип басылған маскалар үлестірілмек, сондай-ақ қаладағы тарихи нысандар туралы мәлімет жинақталған парақшалар ұсынылады.
Мереке аясында бірқатар мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізу жоспарлануда. Шаралар онлайн және оффлайн форматта өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, 30 пайыздық толымдылықпен ұйымдастырылады. Басты шаралар «Аqjaiyq» телеарнасынан көрсетілмек.
zhaikuni.kz
«ҚАЛА КҮНІ – 2021»МЕРЕКЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
10 қыркүйек
сағ. 10.00 «Брейк-данс» аймақтық фестиваль – Қалалық мәдениет және демалыс саябағы.
сағ. 16.00 «Мен ауылдың баласы» атты КТА ойындары – Жастар мәдениет үйі.
«Менің сүйікті қалам» атты фото және бейнечелленджі – әлеуметтік желілерде.
11 қыркүйек
сағ. 19.00 Сән көрсетілімі «Орал – 2021» – Салтанат сарайы
12 қыркүйек
сағ. 11.00 Қала күніне арналған «Қазақша Stаndup» жобасы – ҚазИИТУ Студенттер үйі.
13 қыркүйек
сағ. 17.00 Балалар шығармашылық концерті – Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры
сағ. 11.00 «Білімділер додасы» телевизиялық зияткерлік ойыны – ҚазИИТУ Студенттер үйі.
сағ. 19.00 «Әсем өлкем – Ақ Жайық» облыстық жергілікті композиторлар мен ақындардың әндерінен шығармашылық кеш – Жайық өзенінің жағалауы.
14 қыркүйек
сағ. 10.00 «Достық-Дружба» атты ерлер арасында волейболдан халықаралық турнир – Жоғары дәрежелі облыстық спорт мектебі
сағ. 11.00 Облыстық ІІІ «Жайықтың би әлемі» фестивалі – Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры.
сағ. 11.00 Республикалық V «Жайық сазы» атты дәстүрлі өнер фестивалі – Жайық өзені жағалауы.
16 қыркүйек
сағ. 19.00 «Орал опера – 2021» классикалық музыка кеші – Жастар мәдениет үйі.
17 қыркүйек
сағ.19.00 «Жайықтың ұлы тұлғалары» атты суретшілер көрмесі – Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры.
18 қыркүйек
сағ. 10.00 «JaiyqBikeFest» атты велотреал – Басқақ тоғайы (Перевалочная роща).
сағ. 20.00 «Туған қалам – Оралым!» атты қала күніне арналған мерекелік гала-концерт – «Аqjaiyq» телеарнасы.
19 қыркүйек
сағ. 18.00 Ерлер арасында ММА-дан халықаралық турнир – Жекпе жек спорт кешені.
10-19 қыркүйек
сағ. 17.00 «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер және гүлдер жәрмеңкесі – Д.Нұрпейісова көшесі
11-19 қыркүйек
сағ. 11:00 «Сүйікті Оралым» сәулет өнері көрмесі – Оқушылар сарайы.
16-17 қыркүйек
сағ. 19.00 «JaiyqFilmFest» Халықаралық қысқа метражды және деректі фильмдер кинофестивалі – Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу