ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ: 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ
Елордада ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жаршысы» атты республикалық онлайн марафоны өтті.
Онлайн марафонға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, «Зекет» корпоративтік қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы және ҚМДБ қызметкерлері қатысты. Ал облыс бас имамдары онлайн режимде қатысып, Бас мүфти бастамасымен қолға алынған қайырымдылық акциясына қатысты дайындық жұмысы жайлы баяндады.
«Мен жуырда елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде барша дін қызметкеріне арналған бағдарламалық баяндамамда 2021 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша басты 7 бағытқа басымдық берілетінін мәлімдедім. 7 бағыт бойынша жүзеге асатын жобаларымыз – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс. Жаңа 2021 жылды республикалық деңгейдегі игі істен бастап, халықтың алғысына бөленсек деген ниетіміз болды. Міне, бүгін елордадан бастау алған қайырымдылық марафоны барлық өңірде бір мезетте жүзеге асты. Осы іс-шараға атсалысқан барша дін қызметкері мен жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, «Қайырымдылық жаршысы» атты республикалық онлайн марафон аясында бір мезетте еліміз бойынша 9 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді.
Ал Батыс қазақстан облысы бойынша 210 отбасыға аталған көмек көрсетілді. Имамдар мен ерікті жандар санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік себетін көмекке мұқтаж жанның үйіне жеткізіп берді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар

СПОРТ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖДІҢ НӘЗІКЖАНДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В 2021 году на медицинскую помощь по ГОБМП и ОСМС будет направлено 1,8 трлн. тенге

ТМККК ЖӘНЕ МӘМС БОЙЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ 1,8 ТРЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Охват системой ОСМС составляет порядка 16 млн. казахстанцев или 84% населения

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 84 ПАЙЫЗЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ КОНКРУСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

В 2020 году ФСМС выявил 1,2 млн дефектов по оказанным медицинским услугам – Б.Токежанов

2020 жылы ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 1,2 млн кемшілікті анықтады – Б.Төкежанов

В 2020 году за счет ОСМС проведено около 10 тысяч дорогостоящих операций на сумму 41,6 млрд тенге

2020 ЖЫЛЫ МӘМС БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 41,6 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН 10 МЫҢҒА ТАРТА ОТА ЖАСАЛДЫ

Пікір үстеу